«Қамқор Менеджмент» ЖШС көп салалы холдингі
ornament

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

ornament
«Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобының 2025 жылға дейінгі стратегиясы.
Стратегия – «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобының 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған қызмет тиімділігін, еңбек өнімділігін арттыруға және негізгі жүйелік шығындарды шешуге бағытталған ұзақ мерзімді перспективаға стратегиялық даму басымдықтарын көрсететін негізгі құжат болып табылады. Құжатты әзірлеу кезінде мемлекеттің негізгі ықпал ету топтарының, негізгі тұтынушылардың («ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазавтожол» ҰК» АҚ) даму талаптары мен жоспарлары ескерілді.
2025 жылы «Қамқор Менеджмент» ЖШС – тұрақты даму қағидаттары бойынша өзінің маманданған бағыттары бойынша үздіксіз дамып келе жатқан, технологиялық үдеріс пен көрсетілетін қызметтердің сапасын ұдайы жетілдірумен қатар, негізгі мақсаты таза пайдамен жалпы табыстың өсуі болып табылатын прогрессивті компаниялар тобы. Стратегия компания тобының Миссиясын, көзқарасын және стратегиялық мақсаттарын, сондай-ақ Көрініске сәйкес белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін дамудың стратегиялық бағыттарын анықтайды. Операциялық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылық «Қамқор Менеджмент» ЖШС қызметінің болашақтағы маңызды аспектілері болып қала береді.
mission
МИССИЯ

Жөндеу және өндірістік кәсіпорындарды тиімді басқаруды және де отандық салалық өндіріс пен жөндеу базасын дамытуды қамтамасыз ету.

vision
ПАЙЫМДАУ

Топ персоналдың жоғары кәсіпқойлығы, жоғары техникалық стандарттар, сондай-ақ озық басқару процестерінің арқасында қызметтердің сапасы мен экономикалық тиімділігі бойынша көшбасшы болуға ниетті.

target
МАҚСАТ

Таза пайда алу арқылы жиынтық кірісті ұлғайту.

value
ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Топ үшін ең құнды актив – бұл біртұтас, білікті қызметкерлер, ең ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті пікірлес ұжымы.

ornament

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

ornament
«Қамқор Менеджмент» ЖШС үздік халықаралық тәжірибе стандарттарын ұстана отырып, заманауи және тиімді корпоративтік басқару жүйесін құруда.
«Қамқор Менеджмент» ЖШС корпоративтік басқару жүйесі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және өзінің Даму стратегиясы мен Акционердің стратегиясын іске асыруға, жүйенің барлық элементтерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін нақты ажыратуға, олардың өзара іс-қимылының айқындылығына, жалпы нәтижеге және тәуекелдерді басқару тиімділігіне, сенімді ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз етуге және соның нәтижесінде – Акционердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға және компанияның құнын арттыруға бағытталған.
«Қамқор Менеджмент» ЖШС корпоративтік басқаруды компания қызметінің тиімділігін арттыру, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, оның беделін нығайту және капиталды тарту шығындарын азайту құралы ретінде қарастырады. Корпоративтік басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі – «Қамқор Менеджмент» ЖШС-нің Қазақстан Республикасындағы заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі және компанияның қазіргі экономикадағы және жалпы қоғамдағы орнын айқындайтын фактор. Бұл жүйе «Қамқор Менеджмент» ЖШС органдары, лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді нақты бөлуді қарастырады.
Корпоративтік басқару «Қамқор Менеджмент» ЖШС қызметінің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы және басқару және инвестициялық шешімдерді қабылдаудағы маңызды критерийлердің бірі болып табылады. «Қамқор Менеджмент» ЖШС еншілес және тәуелді ұйымдарға және басқа да заңды тұлғаларға қатысты бірыңғай корпоративтік саясатты ұстанады.
banner
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ПРИНЦИПТЕРІ «ҚАМҚОР МЕНЕДЖМЕНТ» ЖШС КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІНДЕ ЖӘНЕ БАСҚА НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДА КӨРСЕТІЛГЕН, ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕЛЕРДЕН ТОЛЫҚ ОҚУҒА БОЛАДЫ...
ornament

ЖҮКТЕУГЕ АРНАЛҒАН СІЛТЕМЕЛЕР

ornament
ornament

КОМПЛАЕНС

ornament
КОМПЛАЕНС
«Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобындағы комплаенс компанияның заңнама талаптарын, ережелерді, стандарттар мен ұсынымдарды сақтамау тәуекелдерін анықтауға және еңсеруге бағытталған. Корпоративтік дамудың тиімді құралы ретінде комплаенс компанияның жауапты және ашық қызметінің көрсеткіші болып табылады. Біз үшін мынадай қағидаттарды қатаң сақтау маңызды:
banner
ornament

КАДР САЯСАТЫ

ornament
КАДР САЯСАТЫ
Кадр саясаты адам ресурстарын басқарудың мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы негізгі әдістерді, мақсаттарды, қағидаттар мен бағыттарды айқындайды, кадрлармен қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық міндеттер, кадр резервін қалыптастыру әдістері, персоналдың кадрлық әлеуетін бағалау, дамыту, пайдалану және оны тиімді бөлу және басқа да мәселелер мен қағидаттар, ағымдағы міндеттерге сәйкес персоналды басқаруға қатысты іске асырылатын ұзақ мерзімді стратегиялық және экономикалық мақсаттарға, «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобының құрылымына негізделеді.
banner
ornament

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

ornament
СМЖ
«Қамқор Менеджмент» ЖШС ұйымдар тобындағы сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) – бұл сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды қалыптастыру үшін, сондай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізу үшін әзірленген, енгізілген және қолдау көрсетілетін жүйе. СМЖ корпоративтік басқару және даму құралы ретінде көрсетілетін қызметтердің тұрақты сапасын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін компаниялар тобын басқарудың жалпы жүйесінің бөлігі болып табылады.
ornament

ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЯСАТЫ

ornament
«ҚАМҚОР МЕНЕДЖМЕНТ» ЖШС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЯСАТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА, «ҚАМҚОР МЕНЕДЖМЕНТ» ЖШС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ІШКІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРЫНА СӘЙКЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ISO 9001 «САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ», ISO 45001 «КӘСІБИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТҢ ҚОРҒАУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ», ISO 14001 «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ» ЖӘНЕ ISO 50001 «ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ» СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ӘЗІРЛЕНДІ.
«Kamkor Green» бағдарламасы аясындағы компаниялар тобының тұрақты дамуының экологиялық құрамдас бөлігі (Environmental) келесі мақсаттарды қамтиды:
  • Ластаушы заттардың шығарындыларын, төгінділерін азайту, қалдықтардың пайда болу көлемін азайту жолымен қоршаған ортаға әсерді барынша азайту;
  • Шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану;
  • Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және алдын алу;
  • Ресурстарды үнемдеу, энергияны үнемдеу қағидаттарын ұстану;
  • Қауіпсіз мінез-құлықтың корпоративтік мәдениетін құру;
  • Жұмыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және қоршаған ортаға әсерді төмендету, үнемдеу және энергетикалық ресурстар шығынын жыл сайын төмендету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және орындау;
  • Азаматтық қорғау саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдармен шұғыл жұмыс;
  • Азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі және экологиялық қауіпсіздік туралы шынайы ақпарат алу құқықтарын сақтау;
  • Табиғи және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша белсенді жұмысқа барлық қызметкерлерді тартуға жағдай жасау;
  • Экологиялық таза, энергия және материалды үнемдейтін технологияларды қолдану.
Компаниялар тобының тұрақты дамуының әлеуметтік құрамдас бөлігі (Social) келесі мақсаттарды қамтиды:
  1. Конкурстық процедуралардың ашықтығын және жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
  2. Әрбір қызметкердің қатысуымен ұжымда қолайлы жағдай мен моральдық-психологиялық климат құру;
  3. Қызметкерлердің іскерлік мәдениеті мен орындаушылық тәртібінің жоғары деңгейін, қызметкерлердің Тұтынушылардың кез келген өкіліне ілтипатты, достық қатынасты қамтамасыз ету;
  4. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру;
  5. Әділ сыйақы және қызметкерлердің құқықтарын сақтау;
  6. Тиісті еңбек жағдайларын жасау арқылы еңбек қауіпсіздігінің басымдығын және жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
  7. Қызметкерлерді сауықтыруға бағытталған жоғары сапалы профилактикалық медициналық көмек алу үшін жұмысшыларға жағдай жасау;
  8. Қызметкерлерді қауіпсіз еңбек дағдыларына үздіксіз оқыту арқылы қызметкерлердің құзыреттілігін және кәсіби дамуын арттыру;
  9. Ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру.
Компаниялар тобының тұрақты дамуын корпоративтік басқару (Governance) келесі мақсаттарды қамтиды:
  1. Топ қызметінің шығынсыздығы;
  2. Қатысушылар мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз ету;
  3. Өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыру;
  4. Неғұрлым жетілген технологияларды жасауға және дамытуға инвестициялардың өсуі;
  5. Еңбек өнімділігін арттыру;
  6. Көрсетілетін қызметтердің ауқымын кеңейту және оларды үздіксіз жетілдіру;
  7. Үнемді өндіріс қағидаттарын пайдалана отырып, әлемдік стандарттар деңгейінде қызмет көрсету және өнім өндіру;
  8. Шикізаттық емес салалар экспортының өсуін ұлғайту;
  9. Пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына жоғары талаптар қою;
  10. Қазіргі заманғы тәуекелдер менеджменті;
  11. Тұтынушылардан келетін көлемнің өсуі.
Тұрақты даму саласындағы компаниялар тобының міндеттері::
  1. Компаниялар тобының қызметіне тұрақты даму принциптерін интеграциялау;
  2. Тұрақты дамудың үш құрамдас бөлігінде тиімділікті талдау және тәуекелді бақылау;
  3. Жүйелі жұмысты ұйымдастыру арқылы тұрақты дамудың басқару сапасын арттыру;
  4. Компаниялар тобының мүдделі тараптарымен оның ішінде тұрақты даму саласындағы қызмет нәтижелері туралы тұрақты есеп берудің тиімді өзара әрекеттесу механизмдерін құру;
  5. Табысты және тиімді тұрақты даму саясатына қол жеткізу үшін компаниялар тобы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге тиісті көңіл бөледі.
smk
ornament

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

ornament
ТӘУЕКЕЛДІКТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
«Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобындағы тәуекелдерді басқару – бұл келеңсіз нәтиженің ықтималдығын төмендетуге және ықтимал шығындарды азайтуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру процесі. Біз тәуекелдер менеджментінің келесі дәстүрлі принциптерін ұстанамыз:
  • Бірлік қағидаты;
  • Перманенттік қағидаты;
  • Ұйымдастырушылық жоспарлау қағидаты;
  • Экономикалық тиімділік қағидаты;
  • Құзыреттілік қағидаты;
  • Иерархиялық тең бағыныштылық қағидаты.
banner
ornament

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІҚ

ornament
АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЯСАТЫ
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты негізінде ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының орын алу ықтималдығын азайтуға бағытталған тәуекелге негізделген тәсіл жатыр. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобының қолданыстағы ақпараттық ресурстарына қауіптердің барлық түрлерімен байланысты тәуекелдер мен экономикалық шығындарды азайту үшін қажет. Осы мақсатта ақпараттың негізгі қасиеттері сақталады, атап айтқанда:
  • Қолжетімділік - тиісті өкілеттіктері бар субъектілердің ақпаратына уақтылы кедергісіз қол жеткізу қабілетімен сипатталатын қасиет;
  • Құпиялылық - осы ақпаратқа рұқсаты бар субъектілер шеңберіне шектеулер енгізу қажеттігін көрсететін және жүйенің (ортаның) көрсетілген ақпаратты оған қол жеткізуге өкілеттігі жоқ субъектілерден құпия сақтау қабілетімен қамтамасыз етілетін қасиет;
  • Тұтастық - бұл бұрмаланбаған түрде (кейбір тұрақты күйге байланысты өзгермейтін) болатын ақпарат қасиеті.
«Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі объектілері ретінде мынадай элементтер танылады:
  • Қолданыстағы заңнамаға және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатқызылған мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстар;
  • Қорғалатын ақпаратты өңдеу, ұсыну және сақтау жүзеге асырылатын ақпараттандыру құралдары мен жүйелері (есептеу техникасы, ақпараттық-есептеу кешендері, желілер, жүйелер);
  • Серіктестіктің автоматтандырылған жүйелерінің бағдарламалық құралдары (операциялық жүйелер, дерекқорды басқару жүйелері, басқа да жалпы жүйелік және қолданбалы БҚ), олардың көмегімен қорғалатын ақпаратты өңдеу жүргізіледі;
  • Ақпараттық ресурстарды басқаруға және пайдалануға байланысты процестер;
  • Қорғалатын ақпаратты өңдеу құралдары орналасқан үй-жайлар;
  • Жабық келіссөздер мен кеңестерді жүргізуге арналған жұмыс үй-жайлары мен қызметкерлердің кабинеттері, үй-жайлар;
  • Қорғалатын ақпаратқа рұқсаты бар қызметкерлер;
  • Ашық ақпаратты өңдейтін, бірақ қорғалатын ақпарат өңделетін үй-жайларда орналастырылған техникалық құралдар мен жүйелер.
banner
ornament

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯЛАР

ornament
KAMKOR GREEN
«Kamkor Green» бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңнамасына және «Жасыл Экономика» және «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобының басым экологиялық бастамаларын ілгерілетуге бағытталған.
banner