«Қамқор Менеджмент» ЖШС көп салалы холдингі
ornament

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

ornament
«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы Ұжымдық шарт талаптарын орындау және әлеуметтік саясатты іске асыру жөніндегі барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобындағы Ұжымдық шарт тараптардың - кәсіпорынның меншік иесінің (жұмыс берушінің, кәсіпкердің) және еңбек ұжымының мүдделерін келісу құралы болып табылады, қолданыстағы заңнама негізінде жасалады және бір жағынан, еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің міндеттемелерін, екінші жағынан - еңбек ұжымының меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін жасасады....
«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобындағы ұйымдарда ұжымдық шарт келесі қағидаттар негізінде жасалады:
  1. Әлеуметтік әріптестік, өзара сенім мен құрмет, тараптардың құқықтары мен міндеттерін шектеу;
  2. Еңбек ұжымы мүшелерінің шарттың талаптарын әзірлеуге кеңінен қатысуы;
  3. Шарттың талаптарын әзірлеудегі тараптардың тең құқылығы;
  4. Тараптарға жүктелетін міндеттемелерді материалдық, өндірістік және қаржылық қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктерін есепке алу;
  5. Олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;
  6. Шартқа енгізілген міндеттемелерді орындағаны үшін тараптардың бақылауы мен жауапкершілігі.
«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобындағы ұжымдық шарт тараптардың (жұмыс беруші мен еңбек ұжымының) мүдделерін келісу құралы болып табылады, қолданыстағы заңнама негізінде жасалады және бір жағынан, еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің міндеттемелерін, екінші жағынан - еңбек ұжымының жұмыс берушінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін бекітеді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ-БҰЛ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК, АЛ ЖҰМЫС БЕРУШІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БИЗНЕС.
Компания басшылығы әлеуметтік саясат саласындағы өзінің басты міндеті қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, лайықты табыс табу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және өндіріс мәдениетін дамыту деп санайды.
banner