«Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылығы атынан және жеке өз атымнан Сіздерді Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Темір жол саласы - бұл мемлекетіміздің көлік инфрақұрылымының ең маңыздысы болып табылады.
«Қамқор Менеджмент» компаниясы барша теміржолшылармен бірлесе отырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін стратегиялық тапсырмаларын абыроймен атқаруда.
Осы жылдары аралығында Сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесінде компаниямыз «Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолы, «Жезқазған-Бейнеу» жаңа теміржол желісі Бейнеу-Шалқар учаскесінің құрылысына, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» мемлекеттік маңызы зор жобаны жүзеге асыру аясында «Шу –Алматы 1» учаскесінің екінші желісінің құрылысына қатысып, «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта қалпына келтіру жобасына тікелей атсалысып және ойдағыдай атқарды.
Сіздердің осынау үлкен жауапкершілікті талап ететін қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында салаға қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз әрқашан жоғары құрметке лайық. Бұл еліміздің темір жол саласының дамуына қосқан тынымсыз да қажырлы еңбектің жемісі деп білеміз.
Мемлекетіміздің өркендеуіне бағытталған істеріңіз Қазақстанның сенімді болашағының айғағы деп білуге болады.
Бүгінде, еңбеккерлердің жұмыс жағдайын және Қазақстан халқының тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту мақсатында еліміздің экологиялық бағыттарын қолдай отырып, «Қамқор Менеджмент» компаниясының бастамасымен Қөлік қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында «Қамқор GREEN» бағдарламасы іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – тек қана кәсіпорынның көгалдануына ғана емес, оған қоса, біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буын тәрбиелеуді мақсат тұтады. «Қамқор GREEN» бағдарламасын барша теміржолшылар қолдайды деген сенімдемін. Барлық алға қойылған мақсаттар жүзеге асырылсын.
Құрметті теміржолшылар! Айтулы мерекелеріңіз құтты болсын, алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беріңіздер, ел игілігі жолындағы талаптарыңыз тек табысқа бастасын дегім келеді.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, тілей отырып, жаңа асулар мен игілікті істерді бағындыруға шын жүректен тілектеспін! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
«Қамқор Менеджмент» ЖШС
Бас директоры Диас Сүлейменов
Қазақстан Теміржолшысы №70-72 (2453-2455) 02.08.2019