Камкор менеджмент

Развитие государственного языка

Мен 21-ғасыр Қазақстанның«алтын ғасыры»боларынасенемін.
Бұлбейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудіңғасырыболады.
Қазақстанхалқыұлытарихтыңиесіатануғалайық.
Бізкөздегенмақсатымызғаміндеттітүрдежетеміз.
Аңсарлыазаттығымыз бен тәуетертәуелсіздігімізбаяндыболсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Тілге құрмет- елге құрмет

«Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» -деп атап көрсетті Елбасы. Тарихи тәжірибеге көз жүгіртер болсақ, әр ұлт өз тілін сүйіп, құрметтейтін болса, оның елі әлемдік құрметке бөленіп, елінің дәулеті шарықтай түсетіні баршамызға хақ.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС мемлекеттік тілді қолданысқа енгізу саясаты жоспарлы түрде іске асыруда. Ұжымдағы барлық ұлт өкілдердің келісімі мен түсіністігі, татулығы ұжымның «алтын діңгегі» деп бағалауға болады. Көп ұлтты компаниямыздың әр қызметкері барша этникалық қоғамның мәдени жетістіктеріне аса жоғары құрметпен қарайды. Мемлекетті құрастырушы қазақ халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білу арқылы ұлттар арасында достық пен татулықты, одан әрі нығайта түсеміз. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп ұлы Абай айтқан ұстаныммен бүгінгі «Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік жұмыспен қатар алып келе жатқан бірден-бір бағыты мемлекет тіліміздің мәртебесін көтеру.

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қамқор Менеджмент» ЖШС және өңірлік ұйымдарында мемлекеттік тілді қолдану бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

- «Қамқор Менеджмент» ЖШС және өңірлік ұйымдары бойынша ұйымдастыру-басқару құжаттары, оның ішінде жеке және негізгі құрам бойынша бұйрықтары, ішкі құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Кадрлық қызметінің мамандары мен тіл мамандарының бастамасыменқызметте күнделікті пайдалану үшін қызметкерлердің білім деңгейін тексеру үшін тестік тапсырмалары, әдістемелік оқу-құралдарыәдістемелік, терминологиялық сөздіктер т.б.нұсқаулықтар әзірленді.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС және өңірлік ұйымдарында қазақ тілі кабинеттері тиісті көрнекі құралдарымен жабдықталған, қызметкерлер қажетті оқу – құралдарымен қамтамасыз етілді. 2008 жылдың шілде айында Серіктестік қызметкерлеріне іс жүргізуді қазақ тілінде енгізу кезінде темір жол саласында қызмет атқарып жүрген тіл мамандары, аудармашылары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының профессор-оқытушыларымен бірлесе отырып «Көмекші құрал», «Қазақша-орысша терминологиялық көмекші құрал» атты әдістемелік құралдар әзірледі. Бүгінгі таңда бұл сөздіктер мен оқу –әдістемелік құралдарының топтамасы жыл сайын осы ұйымдарда тілге қатысты барлық мамандарының атсалысуымен жаңа терминдермен толықтырылып, жаңартылып отырады.

Оқыту құралдарымен қамтамасыз ету және қазақ тілі кабинетін жабдықтау: Ұйым басшыларының қолдауымен және осы салада еңбек етіп жүрген тіл мамандарының ұйымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, «Астана қалалық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ орталықтармен тығыз әріптестік қатынас орнату арқылы сала қызметкерлерін оқу-әдістемелік құралдармен, жұмыс барысында қажетті терминологиялық сөздіктермен қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін тапты деп айтсақ та артық болмас.Жыл сайын Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесі қарсаңында аталған тіл орталықтардан қажетті оқу-құралдар, сөздіктер (қазақша-орысша, ағылшын, француз т. б. тілдерде) алып, барлық аймақтардағы кәсіпорындарға табысталады. Осы орайда, 2011 жылы Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі қарсаңында Серіктестік өңірлік аймақта орналасқан кәсіпорындарында іс қағазадарын мемелекеттік тілде жүргізгені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тілді қолдану жөніндегіатқарылған іс-шаралардың нәтижесі бойынша техникалық «Орысша-қазақша- ағылшынша сөздік», «Французша- қазақша сөздік», электрондық және бейне-сабақ дискілер мен оқу - әдістемеліктермен қамтамасыз етілді.

2011 жылы «Самұрық Қазына»ҰӘҚ АҚ ұйымдастыруымен өткізілген «Адам ресурстарын басқару: HR инновациялары» атты «Сенім -2010» Халықаралық конференциясы аясында жұмыс берушілер арасындағы байқауда өңірлік ұйымдарында мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бойынша жүлдегері атанып ІІІ дәрежелі дипломға иеленді.

Жыл сайын Елбасының халыққа Жолдауында жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашу жөнінде айтады. Күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлесу мәдениеттілік пен зиялылықтың дәрежесі саналып, әсіресе жастардың ортасында сәнге, керек десеңіз ұлтты сыйлау, ата-баба тіліне қамқорлық көрсету және қазақ патриотизмінің шынайы көрінісіне айналуға тиіс. Осы орайда «Қамқор Менеджмент» ЖШС Жастар саясаты туралы ереже бекітіліп, бүгінгі күні қолданысқа енгізілуде.Келешекке келелі жол салып, білімді жастардың болашағына өріс ашу басты міндетіміз болып табы­лады. Бұл ретте, «Қамқор Менеджмент» ЖШС және өңірлік ұйымдардың жастары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен өткізілетін әртүрлі іс-шараларға, форум­дар мен дөңгелек үстелдерге, және шы­ғармашылдық жастар кеңесінің оты­рыстарына белсенді түрде қатысуда. Өткен жылдың өзінде жас мамандар: «Менеджмент жобасы», «Болашақ басқарушы» бағыттары бойынша өз білімдерін ұштай түсті.

Компания тобының басшылығы тарапынан да жастардың өндірістік жұмыспен қатар атқарып жүрген қоғамдық жұмыстары да елеусіз қалмайды. Өткен жылғы 02 тамызда Көлік қызметкерлері күні қарсаңында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыста Қамқордың жастар саясатының белсенді өкілдері табысты еңбектері үшін марапатталды, сондай-ақ кәсіби мерекеге орай спорттың 5 түрінен өткізілген жазғы спартакиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болған қатысушыларға түрлі спорт саласы бойынша кубок пен сыйлықтар табысталды.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС және Компания тобының ұйымдары Қазақстан Республикасының халықтары тілдері мерекесі аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша жыл сайын өз жалғасын табуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы қыркүйек айында бірқатар іс-шаралардың кестесі бекітілген және мынадай іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр:

- «Жастар және мемелекеттік тіл»тақырыпқа дөңгелек үстел өткізу;

- Ұйым қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілде іс- қағаздарын, құжаттарын аудару бойынша ең үздіктерді анықтау үшін «Үздік аудармашы» конкурсын өткізу;

- «Терминдер әлемінде», «Баспасөзге шолу» көрмесін ұйымдастыру (жаңадан баспасөзде жарық көрген әдістемелік құралдар, сөздіктер және нұсқаулықтармен танысу);

- Ұйым қызметкерлерінің арасында қазақ тілі бойынша білім деңгейлерін анықтау үшін тест өткізу;

- Ұйымның қызметкерлерін «Қазақша-орысша сөздік», «Орысша-қазақша сөздік» «Іс жүргізуге аналған нұсқаулық» т.б. әдістемелік құралдармен, оқулықтармен қамтамасыз ету;

- «Ең қызықты интервью» Ұйым қызметкерлерінің арасында (әртүрлі халықтардың салт- дәстүрлері, әдеп- ғұрыптары жайлы және басқа да түрлі танымдық тақырыптарға қазақ, орыс, ағылшын т.б. тілдерінде сұхбат жүргізу;

- Қазақ тілі кабинеттерін жабдықтау;

- «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» конкурсын өткізу т.б. осындай мақсаттар жыл сайын өз жалғасын табуда.

Елбасының мемлекеттік тіл мәселесі бойынша қойып келе жатқан талаптарын іске асыру мақсатында мемлекеттік тіл дамыту саясатын жүйелі, оның қолдану аясын кеңейте отырып насихаттау мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану шараларымен үндес болуы тиіс болғандықтан «Қамқор Менеджмент» ЖШС компания тобының жүйесінің ресми WEB-сайтында тіл дамыту саясатына арнайы «Тілге құрмет- елге құрмет» атты айдар ашылды. Компанияның көздеген мақсаты – ресми WEB-сайтта қазақ тілінде жарияланатын мемлекеттік тілдегі ақпараттық толықтыру жұмыстарын жетілдіру.

Жыл сайын «Қамқор Менеджмент» ЖШС компания тобының ұйымдарын қатыстара отырып, арнайы іс-шаралар жоспары құрастырылып, қыркүйек айында Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесі аясында бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізіледі және дәстүрлі түрде нәтижесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында желтоқсан айында қорытындалады.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС биылғыжылыҚазақстан Республикасының тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Жастар және мемелекеттік тіл» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр. Осы орайда, Компанияның ұшқыр ойлы, дүниетанымы кең жастары қатысып, өскелең ұрпақ өкілдері өздерін толғандырған өзекті мәселелер төңірегінде еркін пікір алмаспақ. Бүгінгі егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса мән берілуде.

Алдағы уақыттахалықаралық тәжірибелерді басшылыққа алу мақсатымен«Қамқор Менеджмент» ЖШС және өңірлік ұйымдардың заман талабына сай оқу үрдісін жалғастырмақ, мемлекетттік тілді оқытудың дистанциялық және интерактивті жүйесін құру мәселелері қарастырылуда. Қазіргі кезде «Қазақ тілін дистанциялық оқыту жүйесі бағдарламасы», «Қазақ тілі сөздігі» дистанциялық және интерактивті жүйесін құру әдісі өңірлік ұйымдарда қолданысқа енгізілуде. Бұл оқу-әдістемеліктер қызметкерге кез келген уақытта, компьютерге қосылған сөздік жұмыс барысында ыңғайлы деп танылған.

Осы жылдары аралығында «Қамқор Менеджмент» ЖШС өңірлік ұйымдары қазақ тілі аудармашыларының біліктілігін арттыру мақсатында Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, Мемлекеттік тіл басқару жүйесінде: міндеттер мен жауапкершілік,«Аударматану негіздері: теориялық және практикалық мәселелері» атты біліктілігін арттыру семинарлары ұйымдастырылды. Теміржол қызметкерлеріне арналған республикалық ғылыми практикалық семинардың мақсаты - тіл мамандары мен аудармашылардың біліктілігін арттыру және бүгінгі күнгі теміржол терминологиясына, салалық аудармаға қатысты көкейкесті мәселелерді талқылау, сонымен қатар сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуларына мүмкіндік туғызу.

Елбасымыздың Қазақстан халқының жолдауында «Қазақ тілі – біз­­­дің мемлекеттік тіліміз, өсіп-өркендеп келеді. 2020 жыл­­­­ға қарай мемлекеттік тіл­ді меңгергендердің қатары 95 па­­йызға дейін жететін бо­ла­ды» деген бағыттарын басшылыққа ала отырып, және оны іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді бағыттау - алдағы уақыттың еншісі деп білеміз.

Қазақстан халқының тілдер мерекесі қарсаңында

Қазақстан халқының XV Тілдер фестивалінің қарсаңында Қамқор компания тобының қызметкерлері «Тіл — тәуелсіздігіміздің тірегі» атты дөңгелек үстел — семинарға қатысты

Қазақстан халқының тілдері мерекесі қарсаңында Назарбаев орталығы көп функциялы ғылыми — талдамалық және гуманитарлық — ағартушылық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырған «Тіл — тәуелсіздігіміздің тірегі» атты дөңгелек үстел — семинарға Л. Н. Гумилев атындағы ұлттық университетінің оқытушылары және Қамқор компания тобы Жастар саясаты құрамының жас мамандары қатысты.

Қазақстан халқының тілдері мерекесі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1989 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен жарияланып, тіл мерекесі қыркүйек айының әр үшінші сенбісінде аталып өтеді. Қазіргі кезде Қазақстанда тілдер мерекесі фестивалі ретінде аталып өтіп, еліміздегі барлық мәдени-білім беру орталықтарында, Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың тарихы, салт-дәстүріне қатысты мағұлыматтар айтылып, түрлі конференциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Осы жылдары аралығында «Қамқор Менеджмент» ЖШС басқарушы компания ҚР Мәдениет және, ақпарат министрлігі Тіл комитетімен қоян қолтық жұмыс жүргізуде, ҚР Мәдениет және, ақпарат министрлігі бастамасымен жарық көрген қазақша-орысша, ағылшынша сөздіктерді, техникалық, терминологиялық сөздіктер Қазақстан бойынша өңірлік аймақтарда орналасқан ұйымдарының қызметкерлеріне жұмыста іс-қағаздар жүргізу кезінде пайдалану үшін ұсынылады.

Қамқор компания тобы Қазақстан халқының тілдері мерекесін атап өту аясында мемлекеттік тілді дамыту бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарын орындауда.

1.jpg 2.jpg

Қамқор компания тобының қызметкерлері мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Өркениет тұжырымдамасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты

Кездесу «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешеңінде аталған орталықтың директоры, педагогика ғылымдарының докторы Үмітхан Мұналбайева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің магистранттары мен оқытушыларының қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға итальяндық PhD докторы, археолог Жан Лука Банора (Болонья, Италия) дәріс оқыды. Казіргі кезде ғалым Еуразиялық Ұлттық университетінде қазақ тарихы және археологиялық зерттеулерімен айналысады. Ағылшы, француз тілдерімен қатар орыс тілінде жетік біледі және бігінгі күні қазақ тілінде меңгеруде.

Кездесу барысында тарих, археология, антропология, сондай-ақ археология ескерткіштері, орта ғасырлық архитектура және Ұлы Жібек жолы туралы тақырыптар талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар алған, ақпарат қызықты және танымдық жағынан өте қажет деген баға берді.

Қазақшаңыз қалай?

«Қазақ тілі - Қазақстан халқын біріктіретін тіл» - деп атап көрсетті Елбасы. «Қамқор Менеджмент» ЖШС мемлекеттік тілді қолданысқа енгізу саясатын жоспарлы іске асыруда. Ұжымдағы барлық ұлт өкілдердің келісімі мен түсіністігі, татулығы - оның алтын діңгегі. «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп ұлы Абай айтқан ұстаныммен серіктестіктің өндірістік жұмыспен қатар алып келе жатқан бірден-бір бағыты - мемлекеттік мәртебесін көтеру.

Республикамызда тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қамқор Менеджмент» ЖШС мен өңірлік филиалдарында арнаулы іс-шаралар жоспары бекітілді.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС және өңірлік ұйымдары бойынша ұйымдастыру-басқару құжаттары, оның ішінде жеке және негізгі құрам бойынша бұйрықтары, ішкі құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Осы жылдары күнделікті пайдалану үшін тіл мамандарының қатысуымен кадрлық қызмет және қызметкерлердің білім деңгейін тексеретін тест тапсырмалары, әдістемелік оқу-құралдары, тер­минологиялық сөздіктер дайындалды.

Өңірлік ұйымдарымызда қазақ тілі кабинеттері тиісті көрнекі құралдарымен жабдықталып, қызметкерлер қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілген. 2008 жылдың шілде айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының профессор-оқытушыларымен бірлесіп, «Көмекші құрал», «Қазақша-орысша терминологиялық сөздігі» атты әдістемелік құралдар әзірленді. Бүгінгі таңда бұл сөздіктер мен оқу-әдістемелік құралдар топтамасы жыл сайын мамандардың атсалысуымен жаңа терминдермен толықтырылып, жаңартылады.

Оқыту құралдарымен қамтамасыз ету және қазақ тілі кабинетін жабдықтау: Тіл мамандарының, ұйым басшыларының қолдауымен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және «Астана қалалық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен» тығыз әріптестік қатынас орнатылды. Соның нәтижесінде аймақтардағы кәсіпорындар техникалық «Орысша-қазақша-ағылшынша сөздік», «Французша-қазақша сөздік», электронды және бейне-сабақ дискілер, оқу - әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілді. Жыл сайын Тіл мерекесі қарсаңында аталмыш орталықтардан оқу құралдары, сөздіктер алынып, өңірлерге жолданады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ ұйымдастыруымен өткізілген «Адам ресурстарын басқару: HR инновациялары» атты «Сенім-2010» Халықаралық конференциясында жұмыс берушілер арасындағы байқауда мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бойынша жүлдегер атанып, III дәрежелі дипломды иелендік.

Жыл сайын Елбасының респу­блика халқына арнаған жолдауында жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылатыны айтылып келеді. Күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлесу мәдениеттілік пен зиялылықтың дәрежесі саналып, әсіресе жастардың ортасында сәнге, керек десеңіз ұлтты сыйлау, ата-баба тіліне қамқорлық көрсету және патриотизмнің шынайы көрінісіне айналуға тиіс. Осы орайда «Қамқор Менеджмент» ЖШС-де Жастар саясаты туралы ереже бекітіліп, қолданысқа енгізілуде.

Келешекке келелі жол салып, білімді жастардың болашағына өріс ашу - басты міндетіміз. Бұл ретте, «Қамқор Менеджмент» ЖШС және өңірлік ұйымдардың жастары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен өткізілетін түрлі іс-шараларға, форумдар мен дөңгелек үстелдерге және шығармашыл жастар кеңесінің отырыстарына белсенді қатысуда. Өткен жылы жас мамандар «Ме­неджмент жобасы», «Болашақ басқарушы» бағыттары бойынша өз білімдерін ұштады.

Компания тобының басшылығы тарапынан жастардың атқарған қоғамдық жұмыстары да елеусіз қалмайды. Биылғы кәсіби мерекеге арналған салтанатта олардың белсенді өкілдері арнайы марапатталды. Сондай-ақ, кәсіби мерекеге орай спорттың бес түрінен өткізілген жазғы спартакиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС мен компанияға қарасты ұйымдарда тіл мерекесі аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары жыл сайын жалғасуда. Ағымдағы қыркүйек айында «Жастар және мемлекеттік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу; «Үздік аудармашы» конкурсын өткізу; «Терминдер әлемінде», «Баспасөзге шолу» көрмесін ұйымдастыру жоспарда тұр. Қызметкерлердің қазақ тілінен білім деңгейлерін анықтау үшін тест өткізу; мамандар арасында түрлі халықтардың салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары жайлы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Қызықты сұхбат» шарасын өткізу; «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» конкурсын ұйымдастыру белгіленген.

Мемлекеттік тілді дамыту саясатында қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін «Қамқор Менеджмент» ЖШС компания тобының ресми WEB-сайтында «Тілге құрмет - елге құрмет» айдары ашылды. Ендігі мақсат WEB-сайтта қазақ тіліндегі ақпаратты көбейте беру.

Серіктестік алдағы 22 қыркүйек 12 желтоқсан аралығында мемлекеттік тілді қолдану мәселесі бойынша «Қазақшаңыз қалай?» акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Компанияға қарасты топтар да қатысатын дәстүрлі шараның нәтижесі ел тәуелсіздігі қарсаңында шығарылады.

Алдағы желтоқсанның 12-13 күндері серіктестік «Жастар және

мемлекеттік тіл» дөңгелек үстелін өткізуді жоспарлауда. Осы орайда, ойы ұшқыр, дүниетанымы кең жастар өздерін толғандырған өзекті мәселелер теңірегінде еркін пікір алмаспақ.

Халықаралық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, «Қамқор Менеджмент» ЖШС өңірлік ұйымдарында да заман талабына сай оқу үрдісін жалғастырмақ. Мемлекеттік тілді оқытудың дистанциялық және интерактивті жүйесін құру мәселелері қарастырылуда. Қазіргі кезде «Қазақ тілін дистанциялық оқыту жүйесі бағдарламасы», «Қазақ тілі сөздігі» дистанциялық және интерактивті жүйесін құру әдісі өңірлік ұйымдарда қолданысқа енгізілуде. Бұл оқу-әдістемелік бағдарламасы қызметкерлер компьютерлеріне үнемі қосылып тұрғандықтан, жұмыс істеуге кез-келген уақытта ыңғайлы.

2010 – 2013 жылдар аралығында «Қамқор Менеджмент» ЖШС өңірлік ұйымдарындағы қазақ тілі аудармашыларының біліктілігін арттыру мақсатында Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесіп, мемлекеттік тіл басқару жүйесінде: «Аударматану негіздері: теориялық және практикалық мәселелері» атты біліктілікті арттыру семинарларын ұйымдастырды. Темір жол қызметкерлеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік семинардың мақсаты - тіл мамандары мен аудармашылардың біліктілігін арттыру және бүгінгі күнгі темір жол терминологиясына, салалық аудармаға қатысты көкейкесті мәселелерді талқылау, сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуларына мүмкіндік туғызу.

Елбасымыздың Қазақстан халқының жолдауында «Қазақ тілі -біздің мемлекеттік тіліміз, өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады» деген тапсырмасын басшылыққа ала отырып, оны іске асыру үшін барлык, күш-жігерімізді бағыттау - бүгінгі күннің еншісі деп білемін.

Сәуле БӘКІРОВА, «Қамқор Менеджмент» ЖШС Кадрлық және ұйымдастыру жұмысы департаментінің директоры

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні қарсаңында

Қамқор компания топтары мекемелерінің жас қызметкерлері «Ажар ASTANA MALL» ойын-сауық орталығында «Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні» шегінде өткен іс-шарада флешмоб биледі

«Ұзақ өмір сүруің өз қолыңда» девизімен өткен іс-шараны астаналық медицина мекемелері дәрігерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының өкілдері және еңбегі сіңген спорт шеберлері Біржан Жақыпов және Данияр Елеусінов қатысты.

Сауда орталығының алаңында қалаушылар мини-скринингтік тексеруден өту үшін қандағы қант, холестерин-деңгейі, қан тамырының тарылуы, бой және салмақ т.б. медициналық пункттер орнатылды.

Іс-шара шегінде халыққа салауатты өмір салтын насихаттау мен алдын-алу мақсатында әртүрлі мастер-класс, көрсеткіш қойылымдар және еріктілердің номерлері көрсетілді. Жас теміржолшылардың спорттық гимнастика элементтері бар әсерлі би орындауы ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ.

Біздің қызметкерлердің қоғамдық спорттық іс-шараға қатысулары Қамқор компаниясы топтары мекемелерінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесі «Салауатты жұмыс орны» жобасын енгізу шегінде өткізілді.