Камкор менеджмент

Әлеуметтік саясат

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

Бас директорының 2011 жылғы 10 наурыздағы

№АЦК-75 бұйрықпен бекітілген


«Қамқор Менеджмент» ЖШС және мүлкі (үлесі, акциялары) «Қамқор Менеджмент» ЖШС меншік немесе сенімді басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың 2011-2013 жылдарға арналған Жастар саясаты


1 Жалпы бөлім

1. Осы Жастар саясаты жас қызметкерлерді қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық іс - шараларды жүзеге асырудың жүйесін белгілейді.

2. Жастар саясаты Қазақстан Республикасы заңнамасының және Серіктестік пен Ұйымдардың кадрлық саясатының талаптарына сәйкес іске асырылады.

3. Жастар саясаты жас қызметкерлердің кәсіби шеберлігі, білімі, дене шынықтыру, мәдени қалыптасуының дамуына және ұйымның экономикалық даму мүддесін және жастардың әл - ауқатын арттыру мақсатында олардың жемісті қызметіне жағдай жасау үшін іске асырылады.

4. Осы құжатта қолданатын негізгі ұғымдар:

Жастар саясаты - Қамқор Менеджмент ЖШС және мүлкі (үлесі, акциялары) «Қамқор Менеджмент» ЖШС меншік немесе сенімді басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың: 2011-2013 жылдарға арналған Жастар саясаты;

Серіктестік - Қамқор Менеджмент ЖШС;

Ұйым - «Қамқор Менеджмент» ЖШС және мүлкі (үлесі, акциялары) «Қамқор Менеджмент» ЖШС меншік немесе сенімді басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың.

Жас қызметкерлер, жастар звеносы, жастар – Серіктестік және Ұйымдардың отыз жасқа дейінгі қызметкерлерді қоса алғанда.

2. Жастар саясатының негізгі бағыттары, міндеттері  және іс - шаралары

1. Серіктестік және Ұйымдардың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес еңбек ұжымдарда жастар звеносының жан -жақты дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Негізгі мақсаттары:

1)Шетел және отандық озық тәжірибелерге сәйкес жастардың біліктілігін дамытуды қолдау.

2)Жас қызметкерлердің дамуын және кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету.

Негізгі іс - шаралар:

1) Жас қызметкерлердің жеке оқуын, тренинг, корпоративтік семинарларды өткізуді ұйымдастыру. Оқудың негізгі бағыттары: стартигиялық менеджмент, жобаны басқару, тәуеклдік-менеджмент, корпоративтік басқару, жылжымалы құрамның құрылысы және жаңа жөндеу технологиялары, темір жол көлігіндегі қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, мотивациялық менеджмент және персоналды бағалау, қаржылық ағым қоғалысының халықаралық технологияларын жетілдіру т.б.

2) жастардың жыл сайын «Қазақшаңыз қалай?» акцияларына қатысуы.

3) Жас қызметкерлерге арналған бейімделу бағдарламасын іске асыру.

4) Ұйымдарда тәлімгерлік институттарын қайта жандандыру.

2. Дарынды жастарды қолдау.

Негізгі міндеттері:

1. студенттердің және оқу орындары түлектерінің қатарынан дарынды жастарды анықтап, Серіктестік пен Ұйымдарда қызмет ету үшін жұмысқа тарту.

2. Жас қызметкер қатарынан кадрлық резерв қалыптастыру.

3. Жастардың инновациялық шығармашылық қызметін қолдау және ықпал ету.

Негізгі іс - шаралар:

1) Дарынды студент жастарды анықтау үшін оқу орындарда емтихандық іс - шараларға қатысу. Студенттерді корпоративтік іс - шараларға қатыстыру, ашық есік күндерін ұйымдастыру.

2) Серіктестік және Ұйымдардың белсенді дарынды жастарын анықтау мақсатында жас қызметкерлердің жұмыс қортындыларына талдау жасау интервю және әңгімелесу жүргізу.

3) Жас қызметкерлердің қатарынан кадрлық резервті дамыту және қалыптастыру мақсатында «Жас талап» бағдарламасын дайындау және іске асыру.

Жылдық жұмыс қорытындысы бойынша жастардың қатарынан үздік қызметкерлерді таңдап оларға «Үздік жас қызметкер», -«Үздік жас бастамашы» атақтарын беру және диплом тапсыру.

3. Жас қызметкерлерге қолдау көрсету және әлеуметтік көмек жүйесін қалыптастыру

Негізгі міндеттері:

1) Серіктестік және Ұйымдарда қарастырылған әлеуметтік кепілдік жүйесі шеңберінде, жас қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету.

2) Жас отбасыларына әлеуметтік экономикалық көмек көрсету.

3) Жастардың денсаулығын қорғау жағдайын қамтамасыз ету.

Негізгі іс - шаралар:

1) Жастарды қолдау бағдарламасын дайындау және іске асыру:

-Санаторийлерге, демалыс үйлеріне және турбазаларға жолдама бөлу;

- жас отбасылардың балалары үшін жазғы демалыс, жаңа жылдық іс - шаралар мен экскурсияларды ұйымдастыру;

- оқу демалыстарын төлеу;

- жағдайы төмен жас отбасыларының балаларына киім, аяқ киім және мектепке арналған жабдықтарды алу үшін қайырымдылық көмек көрсету;

- денсаулық топтарына абонементтерін төлеу

4. Жастардың денсаулығын дамыту және мәдени жағдайларын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

1) Еңбек ұжымдарда жастар звеносының командалық жұмысын нығайту үшін қолайлы жәнешығармашылық ахуал туғызу жөнінде іс - шаралар ұйымдастыру.

2) Жастардың эстетикалық және шығармашылық құндылықтарын қалыптастыру бойынша іс - шаралар ұйымдастыру, ақпараттық қамтамасыз ету.

3) Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық жарыстар, акциялар өткізу.

Негізгі іс - шаралар:

1) жылына бір реттен кем емес жастар форумын өткізуді ұйымдастыру. (Серіктестік басшылығымен кездесу, Ұйымның болашақ дамуын және жастардың шығармашылық белсенділігін, іскерлік ойындар, конкурстар жөніндекөкейкесті мәселелерді талқылау,)

2) Көлік және байланыс қызметкерлері күніне орай, футбол және волейбол командаларын ұйымдастырып, спорттық жарыстар өткізу.

3) «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ және аймақтағы әкімдіктер (келісім бойынша) өткізетін спорттық жарыстарға, акцияларға және жастардың іс - шараларына қатысу.

4) Ұйымдарда аймақты көгалдандыру және қоршаған ортаны тазалау бойынша іс -шараларға қатысу, сенбіліктер өткізу.

5) Ұлы Отан соғысының қатысушыларын және ардагерлерді, жұмыс істемейтін зейнеткерледі қолдау бойынша, Жастар акциясын ұйымдастыру.

5. Жастар саясаты және бенчмаркинг тиімді талдау негізінде жастардың жұмысын жетілдіру.

Негізгі міндеттер мен іс -шаралар:

1) Жастар саясатын жетілдіру және тиімді талдау жүйесін еңгізу.

2) Жастар саясатын жүзеге асырудың оң нәтижесін пайдалану мақсатында озық компаниялар жастарының жұмыс тәжірибесін зерделеу.

3. Жастар саясатының негізгі қағидасы.

1. Серіктестік және Ұйым жастарының мүддесі мен мақсаттарының өзара байланысы.

2. Жастар саясатының ашықтығы және жариялылық.

3. Серіктестік және Ұйымның стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін Жастар саясатының бағыттары мен болашағы.

4. Жастар саясатының басты мақсаты - жастарды дамыту бағыттарына сәйкес әлемдік тәжірибені қолдау.

5. Жастар саясатын және жастарға қатысты бағдарламаларды іске асыру мен қалыптастыруға атсалысу үшін жастарды тарту.

4. Жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету.

Серіктестік пен Ұйымдардың бюджетінде Жастар саясатын іске асыруға қарастырылған қаражат есебінен және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбайтын басқа да көздерден қаржыландыруды қарастыру.

5. Қорытынды ереже.

1. Жастар саясатын Серіктестік және Ұйымдардың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жетілдіру.

2. Жастар саясатын іске асыру мақсатында жылдық іс -шаралар жоспарын дайындау.

3. Жастар саясатын іске асыру бойынша, іс- шараларды орындау туралы есепті жылына бір реттен кем емес Серіктестік Бас директорына ұсыну.