«Нұрлы жол» әлемдік экономика үшін дағдарыс жылдары болатын жақын жылдары Қазақстан экономикасы өсімінің қозғаушысына айналады, деп атап өтті Президент. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді.
Президенттің пікірі бойынша, Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
2018 жылы Кадрлық саясатты жүзеге асыру
Компанияның кадрлық саясаты адами қорларды басқару және қызметкерлер құрамын әлеуметтік қорғау саласында Компания тобы жанындағы барлық ұйымдарға арналған бірыңғай саясатты анықтайды.
Кадрлық саясаттың негізгі мақсаттары
§ Компания тобының алдында тұрған барлық стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге уақытылы әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін адами капиталды басқару, дамыту және пайдалану.
§ Қазақстан экономикасындағы техникалық, технологиялық және басқарушылық көшбасшылығына бағытталған бәсекеге қабілетті топтасқан ұжымды құру.
§ Еңбеккерлердің еңбек қызметі үшін үздік жағдайларды, мансаптық өсімді, өз-өзін жетілдіруді, сонымен қатар материалдық және моральдік амандығын қамтамасыз ету.
§ Тиімді әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын бекіту.
Кадрлық саясаттың негізгі ережелері
· Соңғы нәтижеге бағытталған;
· Топта жұмыс жүргізуге ұмтылатын әрі қабілетті;
· Жігерлі әрі қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында жауапты;
· Сындарлы, креативті әрі жағымды ойлайтын;
· Кәсіптік әрі мансаптық өсімге мүдделі.
Кадрлық саясаттың негізгі міндеттері
§ Қолданыстағы қызметкерлер құрамын оңтайлы орналастыру.
§ Ішкі еңбек қорларының арқасында бос еңбек орындарын толтыру – бос орындардың 80%-ынан кем емес.
§ Әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер құрамының бос орындарын толтыру үшін кадрлық қорды барынша пайдалану – ӘБҚҚ бос орындарының 80%-ынан кем емес.
§ Еңбек өнімділігін жоспарлы арттыруды қамтамасыз ету.
§ Кадрлардың аққыштығы – 8%-дан артық емес.
§ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін оқытуды қамтамасыз ету – барлық санаттағы еңбеккерлердің 100%-ы.
§ Жаңа технологияларға оқыту – негізгі мамандықтағы еңбеккерлердің 50%-ынан кем емес.
§ Осы мақсаттарға қарастырылған бюджет қаражаттарының шегінде бизнес басқарылуын жетілдірумен және тиімділігін арттырумен байланысты бағыттар бойынша қызметкерлер құрамын сыртқы оқытуды қамтамасыз ету.
§ Жас еңбеккерлердің кәсіби тұруы мен дамуын қамтамасыз ету.
§ Әлеуметтік кепілдемелер жүйесін мен әлеуметтік қызметтер көлемін 2017 жылдан төмен емес деңгейінде қамтамасыз ету.
§ Компания қызметінің қауіпсіздік техникасы, еңбеккерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғау саласындағы барлық талаптарға сәйкес келуі.
§ Компанияның оның еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынастарындағы кері байланысын қамтамасыз ету.
§ Еңбеккерлердің мемлекеттік тіл білімдерінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
§ Еңбек ұйымдарында топты жұмысты, ниеттестікті, жағымды және шығармашылық жағдайды күшейтетін ұйымдастырушылық іс-шараларды өткізу.
§ Әлеуметтік пікіртерім арқылы компаниялар тобында қызметкерлер құрамы қанағаттанушылығының мониторингісі.
§ Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының деңгейін бұдан әрі арттыру мақсатында Кадрлық саясат пен бенчмаркинг тиімділігін талдау негізінде адами қорларды басқаруды жетілдіру.
Кадрлық саясаттың негізгі басымдықтары
Бастамалар
§ Еңбеккерді еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыратын еңбек төлемі мен КПД атқару деңгейін арасындағы нақты әрі тікелей өзарабайланысты орнататын еңбеккерлер құзыреттілігінің, біліктілігінің және еңбек нәтижелілігінің деңгейіне негізделген сыйақының уәждемелі әрі мөлдір жүйесін қарастыратын еңбеккерлердің еңбегін ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу.
§ Еңбек ұжымдары арасында тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру:
- еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру жүйелері бойынша;
- өндіріс сапасын арттыру бойынша;
- өндірісті және инвестициялық қызметті үлгілендіру бойынша;
- кәсіпорындар еңбеккерлерімен қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғауды сақтау бойынша;
§ Әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарының деңгейін арттыруды және сапасын жақсартуды қамтамасыз ету.
Кадрлық әлеуетті инновациялық дамыту және қалыптастыру
§ Теміржол көлігінің саласында кадрлық әлеуетті инновациялық дамытудың және қалыптастырудың негізгі бағыттары болып табылады:
§ Оқыту орталықтарын замануи техникалық құрылғылармен, сонымен қатар оларды диагностикалау және ұстау жүйелерімен жарақтандырудағы ұйымдастырушылық;
§ Өндірістік қызмет бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды қалыптастыруды ұйымдастыру;
§ Үлгілендірілген техниканың жаңа түрлері мен олардың технологиялық процесстерін игеру бойынша ПП және ИТЕ құрамын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
§ Шетелдік өндірістегі жабдықтар мен техниканы пайдаланатын инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамын ағылшын тіліне қарқынды оқыту;
§ Теміржол көлігі саласының кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.