Камкор менеджмент

Компания туралы

 «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы  темір жолдарды жөндеу, модернизациялау, жылжымалы құрамға сервистік қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының темір жолдарының инфрақұрылымы бойынша сенімді жеткізуші болып табылады және олардың дайындығының максималды деңгейін қамтамасыз етеді.

Компаниялар тобы электр энергия және отын сату, сонымен қатар мұнай өнімдерін және сусыма жүктерді сақтау және ауыстырып тиеу бойынша қызметтерді көрсетеді.

Қызмет көрсетудің әмбебап блогы – бұл, өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жүргізу, жүк вагондарын техникалық диагностикалау, өнеркәсіптік жабдықтарды күрделі жөндеу.

Топ бизнесті ақылға қонымды әртараптандыруға бағытталған, оның аясында автомобиль жолдарын реконструкциялау және құрылысын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі, ұшқышсыз ұшатын аппараттар қызметін, бақылауды бұзбайтын ілгерінді әдістерді пайдалана отырып мұнайгаз секторының объектілерін дефектоскопиялау қызметін көрсетуді ұсынады.

Топ құрамында сегіз ерекшеленген ұйымдасқан бизнес-бірліктері және «Қамқор-Менеджмент» атынан корпоративті орталығы бар холдингтік құрылымды білдіреді.  

Топ Қазақстанның темір жол саласындағы нарығының көшбасшысы, сонымен қатар өзінің маманданған секторындағы жалпыға танымал сарапшы болып табылады.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС  компаниясының тобы сұхбаттасуға және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа әрдайым ашық.