Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Молдова елшісімен кездесу

Молдова елшісімен кездесу

13-16 қараша аралығында Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсыру мақсатында Молдова Республикасының Елшісі Лилиан Дарийдің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.

Сапар барысында Молдова Республикасының Елшісі Молдова Республикасы Елшілігінің Министр-кеңесшісімен бірге «Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылығымен кездесу өткізді.

Екіжақты кездесуге бас директор Диас Сүлейменов, жаңа жобалар бойынша басқарушы директор Искандир Қарсыбеков, сондай-ақ «Теміржол жөндеу» ЖШС бас директоры Айбек Терекбаев қатысты.

Жиын барысында «Қамқор Менеджмент» ЖШС-ң «Теміржол жөндеу» ЖШС-нің тұсаукесері, «Бендеры-Бесарабеаска-Этулия-Джурджулести» теміржол учаскесін жобалау және қайта жаңғырту» жобасының тұсаукесері өтті. Молдова Республикасының Елшісі бұл жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті, бұл жалпы ел үшін экономикалық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік игіліктерді де қамтамасыз етеді.

Лилиан Дариус жылы қабылдау үшін алғысын білдірді. Екі тарап қарым-қатынастарды дамытуға өзара мүдделілік танытты.

← Бөлiмге өту