Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Теміржол жөндеу» ЖШС-нің бөлімшелері солтүстік учаскелердегі теміржолында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауда.

«Теміржол жөндеу» ЖШС-нің бөлімшелері солтүстік учаскелердегі теміржолында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауда.

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Бірлік ЖМС Макинка-Жасыл учаскесінде рельс пен шпал торының соңғы метрлерін төседі. Барлығы 2022 жылы «Бірлік» ЖМС 54,2 км теміржолында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Шар ӨУ Көктөбе станциясында жұмыстарды аяқтады. Шар ӨУ жөндеудің жылдық көлемі 45,08 км құрады. Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Астана ЖМС OP86 станциясында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады. Астана ЖМС 2022 жылы 55,46 км теміржолында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе ЖМС жөндеу жұмыстары аяқталуда. Алдағы уақытта 72,6 шақырымның 7,7 шақырымы жөнделеді.

2022 жылғы 21 қыркүйектегі жағдай бойынша 219,7 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

← Бөлiмге өту