Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Планетаның тыныс алуына көмектесеміз!

24-25 қыркүйекте Қарағанды, Ақтөбе, Ағадыр және Атбасар станцияларында «Қамқор Менеджмент» кәсіпорындарының қызметкерлері 3000-ға жуық қылқан жапырақты көшеттердің жасыл аллеясын отырғызды!

Жас қарағайлар Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп гимназиясының алаңында және Ағадырдағы А.Ермеков атындағы тірек мектебінің алаңында, сонымен қатар Қарағанды мен Атбасардағы теміржолшылар саябақтарында отырғылды!

«Қамқор Локомотив», «Қамқор Вагон», «Қазақстан ОЭК» және «Kamkor Service» компанияларының қызметкерлері Қамқор магистраль кәсіподағының қолдауымен үлкен жұмыс атқарды: қара топырақ толтырылды, топырақ минералды тыңайтқыштармен байытылды, сумен жабдықтау және суару жүйелері қазір барлық отырғызу алаңдарында сынақтан өтуде.

«KAMҚOR PARK» акциясы тұрғындардың, әкімдік басшыларының, облыстардың құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлерінің қатысуымен өтетін жарқын мерекелік іс -шараға айналды. Музыка мен әндер шырқалды, жастар мен балалар флешмобтар және басқа да көптеген жарқын қойылымдар ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, жыл сайынғы «ҚАМҚОР PARK» акциясы «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының бірінші басшысы Диас Сүлейменовтің бастамасымен 2019 жылы басталған «KAMKOR GREEN» ауқымды экологиялық бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Туған планетамызды сақтайық!



← Бөлiмге өту