Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Қамқор Менеджмент» инновациялық жобаның бастамашысы болды!

«Қамқор Green» ұзақ мерзімді экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, кеше, 23 қыркүйекте, қазақстандық механикалық инженерлердің IX форумы кезінде Қамқор Менеджменті «Теміржол саласында композиттік және полимерлік технологияларды қолдану» жобасын ұсынды.

Жоба шеңберінде композиттік-полимерлі шпалдардың «қалдықтарды жинаудан дайын өнімге дейін» толық өндірістік циклін ұйымдастыру жоспарлануда!

Жобаға «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Оператор РОП» ЖШС белсенді қолдау көрсетті.

Форум делегаттары мен қатысушылары «Қамқор Менеджмент» ЖШС Республикада экологиялық таза машина жасауды дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары бағалады.

Жобаға қысқаша сипаттама бере отырып, КПШ дәстүрлі темірбетон мен ағаш шпалдардың барлық артықшылықтарына ие, бірақ олардың кемшіліктерінен мүлде айырылғандығы атап өтіледі.

КПШ-ң дәстүрлі темірбетон мен ағаш шпалдардың артықшылықтары бар, бірақ олардың кемшіліктерінен мүлде айырылған.

Жолдарды салу мен күрделі жөндеу кезінде КПШ-ны қолдану инфрақұрылым иелерінің қызмет көрсету шығындарын 2-2,5 есе төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру 2 негізгі кезеңде жоспарланған:

І кезең - темірбетон шпалдар өндірісін ұйымдастыру және композиттік -полимерлі шпалдардың нақты жағдайында жыл сайынғы сынақтарды қатар өткізу.

ІІ кезең - қуаттылығы жылына 300 мың шпалға дейінгі композиттік -полимерлі шпалдар өндірісін іске қосу.



← Бөлiмге өту