Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Қазалы Локомотив жөндеу заводында тепловоздарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары

Тау-кен саласының кәсіпорындарымен ынтымақтастық бойынша жұмысты Қамқор Локомотив табысты жалғастыруда. Аталған компаниялармен байланыс тиімді ынтымақтастық шарттары арқылы клиентті тарту және өсіру схемасына сәйкес жасалады.

2021 жылы ТЭМ2 сериялы тепловоздарға қызмет көрсетуге шарттар жасалды:

ТЭМ2 сериялы тепловоздарының дизель блогын ауыстырумен күрделі жөндеуге «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-пен 6 бірлікте;

ТҚКК-8, ТҚК-8 циклімен жөндеуге «ССКӨБ»АҚ-пен 2 бірлікте;

Қазіргі уақытта Қазалы ЛЖЗ - да күрделі жөндеуге Арселор Миттал Теміртау компаниясының 4 тепловозы тіркеуден шығарылды, оның ішінде 2 бірлігі пайдалануға берілді. "ССКӨБ" АҚ ТҚ-8 циклі бойынша техникалық қызмет көрсетуге бір тепловоз ағытылған. Қазіргі уақытта тепловоз дайын, "ССКӨБ"АҚ өкілдеріне тепловозды тапсыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазалы ЛЖЗ қызметкерлері өздеріне қойылған міндетті кезекті рет сәтті орындады. Тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы орындалған жөндеу сапасын жоғары бағалады.

Қамқор Локомотив өндірістік қуаттары барлық қойылатын талаптарға, заманауи жабдықтар мен құралдарға, жоғары білікті персоналға, сондай-ақ тартқыш жылжымалы құрамды күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында үлкен тәжірибеге жауап береді.



← Бөлiмге өту