«Темiржолэнерго» ЖШС темір жол қажеттіліктеріне арналған электр энергиясын негізгі жеткізушілердің бірі болып табылады, ол эксплуатациялық қажеттіліктерге және Қазақстан Республикасы бойынша пойыздарының локомотивті тартымына арналады.
«Темiржолэнерго» ЖШС құрылған сәтінен бастап «Болат Нуржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Т. И. Батуров атандағы Жамбыл МАЭС» АҚ, «Екібастұз МАЭС-2 бекеті» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Евроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ т.б. секілді компаниялармен берік серіктестік қатынастарын жолға қойған.
Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ және аймақтық электржелілік компаниялармен энергия көздерінен «ҚТЖ» ҰК» АҚ нысандарына дейін электр энергиясын тасымалдау келісім-шарты жасалып, қатынастар жолға қойылған.
«Темiржолэнерго» ЖШС өзін сенімді, мақсатты, тиімді, жауапкершілікті және төлем қабілетті, серіктестік қатынастардың теңдігі мен міндеттемелерін мойындайтын контрагент ретінде көрсете білген.