«Қамқор Локомотив» ЖШС басшылығы халықаралық стандарттар талаптарына негізделген біріктірілген менеджмент жүйесін құру Серіктестіктің серпінді дамуының, оның қазақстандық нарықтағы позициясының нығаюының, біздің ұсынылатын қызмет бойынша тұтынушылардың сенімін нығайтудың ең маңызды факторы деп санайды.
Саясаттың басты бағыты – біріктірілген менеджмент жүйесінің тұрақты қорытындысын арттыру және тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыру.
Біз - жағу материалдарын, қауіпті механизмдерін, жағар- энергетикалық ресурстарын өндірісте қолдана отырып, темір жол саласының жылжымалы құрамының жөндеу жұмыстарын іске асырамыз.
Біздің Стратегия - еншілес ұйымдардың стратегиялық басымдықтары мен міндеттеріне сәйкес ендірістік ресурстардың оңтайлы шығындарымен белгілі бір уақыт кезеңінде белгіленген өндірістік және қаржылық нәтижелерге қол жеткізу арқылы еншілес ұйымдардың дамуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, өзара сенім, адалдық және ашықтық принциптері бойынша - әр жұмыскердің шығармашылық және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы, контрагенттермен және іскерлік серіктестермен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту үшін ең қолайлы құқықтық, экономикалық, әкімшілік және ұйымдастырушылық жағдайлар мен моральдық-психологиялық климат құру.
Біздің миссия – Біз жұмыскерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірместен, Қазақстан республикасының энергетикалық ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтік құқықытық актілерінің талаптарын бұзбай жұмысты орындауға ұмтыламыз. Біз қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінеміз.
қаржылық, материалдық, ақпараттық, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;
* қоршаған ортаның ластануын болдырмау және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында қызметті ұйымдастыру;
* еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ескерту тәсілін қолдану;
* ресурсты үнемдеу қағидаттарын ұстану;
* қауіпсіз мінез-құлықтың корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;
* Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау, энергия үнемдеу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау.
Біздің миссиямызды іске асыру жолдары:
* біздің қызметкерлеріміздің іскерлік мәдениеті мен орындаушылық тәртібінің жоғары деңгейін, олардың Тапсырыс берушінің кез келген өкіліне ұқыпты, тілектестік қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
* біз қолданатын өнімдердің сапасына және жеткізушілеріміздің жұмысын ұйымдастыруға жоғары талаптар қою;
* серіктестіктің әрбір бөлімшесінде сапаны жоғары тиімді басқаруды ұйымдастыру;
* табиғатты қорғау қызметін жедел басқаруды қамтамасыз ету;
* инвестициялық жобаларды, оларды іске асырудың барлық кезеңдерінде экологиялық сүйемелдеу, сондай-ақ жақсартылған энергетикалық сипаттамалары бар сенімділігі жоғары энергиялық тиімді жабдықты сатып алу;
* темір жол саласы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;
* жұмыс қауіпсіздігі деңгейін арттыру, қоршаған ортаға әсерді төмендету, энергия ресурстарын үнемдеу және жыл сайын тұтынуды азайту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және орындау;
* қызметкерлерді сауықтыруға бағытталған сапалы профилактикалық медициналық көмек көрсету;
* ықтимал жазатайым оқиғалар мен оқиғалардың алдын алуға немесе олардың жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік беретін заманауи тәуекелдерді басқару;
* жұмыскерлерді энергия үнемдеу саласында қауіпсіз жұмыс дағдыларына тұрақты оқыту;
* авариялық жағдайлардың алдын алу және олар туындаған кезде персоналға ден қою мақсатында Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік ұйымдармен жедел жұмыс;
* азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі және экологиялық қауіпсіздік туралы шынайы ақпарат алу құқықтарын сақтау;
* барлық персоналды ұтымды пайдалану бойынша белсенді қызметке тарту үшін жағдай жасау.