«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша
Алматы — Шу: Президенттік старт!
Индустрияландыру күні аясында өткен Жалпыхалықтық телекөпірде Назарбаев атқарылған жұмысты жоғары бағалады. Елбасы бүгінгі таңда, көліктік бағдарлардың ғаламдық бәсекелестігі жағдайында бұл өте маңызды екенін, шешуші көліктік торап болу үшін Қазақстанда бүгінде барлық қажетті инфрақұрылым қалыптасқанын жеткізді.
— Ең алдымен, Ақтөбе рельсарқалық зауыты шығарған отандық өндірістен шыққан рельстер төселді. Сонымен қатар станциялық жолдар ұзындығын тиімді пайдаланып, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі стрелка бұрмалары орнатылды. Су жаңа, зауыттан шыққан шпалдар салынды, — деп мәлімет берді «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
Құрылыс қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Теміржолшылар мен құрылысшылардың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» дегендей, асқан ұйымшылдықпен еңбектенуі арқасында жүзеге асқан құрылыс қарқынын алғашқы күннен бастап қадағалап келе жатқан ардагер теміржолшы Қалтай Сәмбетов телімде техникалық «толаскездер» пойыздар қозғалысынан бос кездерде өте сауатты жүргізілгенін, сонымен қатар қарқынды құрылыс жүріп жатқан жолда қозғалыс қауіпсіздігі қатаң сақталғанын айта кетті.
Ардагер талай жыл теміржолшылардың арманы болған маңызды жобаны жүзеге асыру Ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың темір жол көлігінің дамуына тұрақты көңіл бөліп, қолдау білдіріп отыруының арқасы деп бағалайтынын білдірді.
— Тәуелсіз Қазақстаныммен, мемлекет үшін маңызды темір жол көлігіне ұдайы қолдау жасап келе жатқан Ұлт көшбасшысы, Президентіммен мақтанамын. Қазақстанның темір жолы бүгінде аса қуатты, әлемдік көліктік кешеннің алғашқы ондығына кіреді. Бізді әлем таниды және мойындайды, себебі Қазақстан шығысты бастыспен, солтүстікті оңтүстікпен байланыстыратын қуатты көлік дәлізі болып табылады, — деп қуанышымен бөлісті Қалтай Сәмбетұлы.
Салтанатты шараға қатысушылар бірауыздан бағзы заманда осы жерден өткен Ұлы Жібек жолы болат жолдар болып қайта жаңғырғанын мойындады. Және бұл темір табанды болат жолдар заман, ағымына сай ұдайы жаңғырып, жаңарып, қуаттылығын арттыра түсуде. Міне, бүгін жүк тасымалының артуына байланысты екінші жол салу қажеттілігі туындап отыр. Шығыстан Еуропа мен Азияға қазақстандық темір жол өткелдері — Алтынкөл және Достық шекаралық станциялары арқылы транзиттік жүктер легі жылдан жылға толассыз, ағылып келеді. Контейнерлік пойыздар Германия, Австрия, Испания, Орта Азия, Иран, әрі қарай Парсы шығанағы бағдарымен сапар шегуде.
— Алматы — Шу телімінде жүк және жолаушы тасымалының қозғалысы аса қарқынды. Бір жол көп жағдайда қолайсыздық тудыратын. Енді екінші жолдың пайдалануға берілуімен телімде жүк айналысы 3 есеге дейін артып, соған сай жолдағы уақыт та қысқарады, екі жолда қатар қозғалыс ұйымдастырылады. Жолаушы пойыздарында да солай, екі жолда қатар жүретін болады. «Тальго» пойызының максимальды жылдамдығы 160 км/сағ дейін өссе, жүк пойыздарының жылдамдығы 120 км/сағ дейін артатын болады, — деген Алматы бөлімшесінің бастығы С. Әлішевтің пікірімен жамбылдық әріптесі — «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-ның «ЖК Жамбыл бөлімшесі» филиалының бастығы Берік, Ақшалов та қостады.
Екінші жол құрылысымен жол бойындағы жекелеген жол айырықтары қосымша даму мүмкіндігіне ие болмақ. Атап айтқанда, Қ
Айта кетейік, Алматы — Шу теліміндегі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бас мердігерлер «Компания Жол жөндеуші» ЖШС мен «Теміржол жөндеу» ЖШС жұмысты бір кү
— Бүгіннен бастап екінші пайдалануға беру кешені бойынша нысандар құрылысын бастаймыз. Жаңа жолмен қозғалыс жүре береді, ал біздің жұмыс бір сәт те тоқтамайды, — деп сендірді «ҚТЖ» ҰК» АҚ күрделі жобаларды жүзеге асыру дирекциясының
Жаңа жолдың барқыттай жұмсақ та жайлылығы мен құрылысшылар жұмысының бағасын алғашқы жүрдек пойыздың машинистері мен жолаушылары да берді. Елбасы пәрменімен ашылған Алматы — Шу телімінің екінші жолымен алғаш сапарға шыққан жүрдек пойыз — талайдан айтылып жүрген, отандық өндірісте жасалған кең шанақты «Тұ
— Жаңа жол барқыттай жұмсақ, ал онымен жүретін пойыздардың жүрісі қауырсындай жеңіл болсын! — деп тілек тіледі жаңа жолмен Алматыдан Астанаға жол тартқан жүрдек пойызды шығарып салған көпшілік.