Камкор менеджмент

СМИ о нас

«Қазақстан теміржолшысы» № 114, 20 қараша, 2015 жыл

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «Қамқор Локомотив» ЖШС филилалы - Шу локомотив жөндеу зауытында болды

Әкім алаңдаулы

Зауыт директоры Мәлік, Ақжігітов нысанның қазіргі жай-күйін облы басшысына жан-жақты баяндады. Бірақ, күрделі жөндеу, тепловоздарды техникалық жөндеуден өткізу, сондай-ақ, маневрлі локовотивтің қосалқы бөлшектерін дайындау эәне қалпына келтіру жұмыстарымен айналасатын зауыттың бүгінгі жағдайына облыс әкімінің көңілі толмады. Кәрім Нәсбекұлы кәсіпорында 818 жұмысшының жартысының ақысыз демалысқа жіберілгеніне алаңдаушылық білдірді. Зауыт жұмысын қайта жандандыру керектігін алға тартқан Кәрім Нәсбекұлы жуырда ғана Белоруссия мемлекетінде іссапарда болғанын, ондағы кәсіпорындарымен бірлесіп комбайн шығаруды қолға алу туралы мәселе көтергенін айтып, керек болса, бұл зауытты сол тұрғыда іске жаратуға бейім екенін жеткізеді.

— Жалпы, Шу локомотив жөндеу зауытының тарихында комбайн құрастыру тәжірибесі бұрындары болған. Енді, аймақ басшысы бұл шаранықолға алса, біз жұмыс жасауға дайнбыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, мамандарың тәжірибесі де жетеді. Осылайша жұмысшылардың жұмыс орындарын сақтап қалуға толық негіз бар, — дейді зауыт директоры.

Арсен БАЙЗАҚ, Шу



← Назад в раздел