Камкор менеджмент

СМИ о нас

«Қазақстан теміржолшысы» № 77, 24 шілде, 2015 жыл

Тараз локомотив жөндеу депосында «Қамқор Локомотив» ЖШС филиал басшыларының қатысуымен серіктестіктің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы-шаруашылық міндеттерінің қорытындысы тыңдалды

1.jpg

Мақсат — жұмыс өнімділігін арттыру

Басқосуға «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директоры Диас Сүлейменов төрағалық етіп, «Қамқор Локомотив» ЖШС Бас директоры Ахметбек Балымов, сондай-ақ филиал директорлары есеп берді. Жалпы, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, ақау екі оқиғаға төмендеген. Сондай-ақ, салада СКD6е маневрлық тепловозының дайындық көрсеткіші пайыздық есепте 91–95 нормативінде ІХ кезеңде (қаңтар-наурыз) көрсеткіш — 96,5 пайызға жетсе, Х кезеңде (сәуір-маусым) күтілетін меже — 93,3 пайызға жеткен.

Жиында есеп берген серіктестік филиалының жетекшілері алдымен қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің өнімділігіне мән берді. Сонымен қатар, «Қамқор Менеджмент» ЖШС Қаржылық сараптама және жоспарлау департаментінің директоры Мұрат Айтжанов компанияның алдағы 2016 жылғы жаңа еңбек, ақы төлеу жүйесін таныстырса, «Қамқор Менеджмент» ЖШС, Ақпараттық технология департаментінің директоры Қайрат Бектемиров пен «Қамқор Локомотив» ЖШС дамыту жөніндегі басқарушы директор Рустам, Ақжанов өндіріс жұмысшыларының біліктілігін көтеруде қашықтықтан онлайн-оқытуды ұйымдастыру жобасын таныстырды. Жалпы бүгінгі күні компания бойынша үнемдік өндіріс технологиясы кең етек жаюда. Бұл мақсатта да игі шаралар қолға алынып отыр. Алғашқы қарлығаш жоба — Астана қаласындағы локомотив жөндеу депосында енгізілген болатын. Сондықтан, жиынға қатысушыларға Астана локомотив жөндеу депосының Бас директоры Мұрат Мәуленбеков өз кәсіпорнында үнемдік өндірісті енгізу әдісімен бөлісіп, таныстырды. Соңғы екі айдың ішінде өз кәсіпорнына осындай жаңашылдықты енгізген депо басшылығының бастамасы көпке үлгі боларлық. «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директоры Диас Сүлейменов осы жаңашылдықты өзге-де депо басшылары белгіленген кестеге сай өндіріске енгізіп, есеп беруін назарға алу керектігін баса айтты.

— Өйткені, ХХІ ғасыр жаңа технолгиялар, жаңа инновациялар ғасыры. Жаңашылдықты енгізуде көш бастауда өзге-де депо басшылары осындай жаңалықтарға ұмтылыс жасауы керек. Бұл үнем, бұл жұмыс өнімділігі. Екіншіден, жұмысшылардан сапалы жұмысты талап етудің тетігі. Қала берді жұмысшылардың біліктілігін арттыруда, олардың кәсіби шыңдалуына да бұл көп көмек болмақ, — деді Диас Төлеутайұлы.

Депо басшылары басқосқан жиында өртке қарсы оқу-жаттығу шаралары да өтті. Ал, жиын қорытындысында «Қамқор Локомотив» ЖШС-інің ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығындағы жұмыс межесі мен 2016 жылға арналған жоспары талқыланды. Негізінен, кәсіпорынның өндірістік және қаржылық көрсеткішінің еселенуі әрине — «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы тапсырысының көлеміне қарай артпақ.

Ерман Әбдиев, Тараз
Суретті түсірген автор



← Назад в раздел