Камкор менеджмент

Компанияның саясаты

«Қамқор Менеджмент» ЖШС  компаниясы тобының қызметі, әрдайым сапасын жақсарта отырып, темір жол саласының жылжымалы құрамын жөндеу жөніндегі сенімді жеткізушісі (серіктесі) бола отырып, тапсырыс берушінің қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға бағытталған.

Біздің стратегиялық миссия еншілес ұйымдарды дамыту негізінде, ең жоғары оңтайлы құқықтық, экономикалық, әкімшілік-ұйымдастырушылық жағдай жасау және моральдық-психологиялық ахуал тудыру арқылы және әрбір қызметкер мен жеткізушінің жеке қызығушылығы мен жауапкершілігінің арқасында жүзеге асады. Біздің қызметкерлерімізге және қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз ісерлерді үнемі төмендетіп және алдын алып отырамыз.  

Біздің миссияны жүзеге асыру шарттары болып табылатыны:

  • үнемді өндіріс қағидаттарын қолдана отырып, әлемдік стандарттар деңгейінде өнім өндіру (қызметтер көрсету);
  • қызметкерлердің саясат пен мақсатты түсінуге жалпы ынталануы, әрдайым жетілуге қызығушылығын арттыру;
  • эқаржылық, материалдық және ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану; (ресурсты сақтау қағидаттарынан айнымастық секілді)
  • ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейту және оларды әрдайым жетілдіріп отыру;
  • компания қызметі туралы ақпаратқа негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау;
  • туындаған проблеманың салдарын жою емес, туындайтын проблемаларды және олардың себептерінің алдын алуға талпыну;
  • келісімшарт бойынша жұмыстарды мінсіз ұйымдастыру, мердігер ұйымның жұмысының сапасы үшін біздің жауапкершілікті сезіну;
  • тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру – еңбек қауіпсіздігі және экологиялық аспектілер;
  • қызметті қоршаған ортаның ластануын алдын алу мақсатында ұйымдастыру;
  • қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге алдын алу тәсілдемесін қолдану;
  • ресурсүнемдеу қағидаттарынан айнымаушылық:
  • қауіпсіз тәртіптің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру:
  • қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау.

Біздің миссияны іске асыру жолдары:

  • біздің жұмыскерлердің іскерлік мәдениетінің және орындаушылық тәртібінің жоғары деңгейін, Тапсырыс берушінің кез келген өкіліне олардың ұқыпты, тілектестік қарым-қатынасын   қамтамасыз ету;
  • біздің қолданатын өнімдер сапасына және біздің жеткізушілер жұмысын ұйымдастыруға жоғары талап қою;
  • Компанияның әрбір бөлішесіндегі сапаны жоғары тиімділікте басқаруды ұйымдастыру;
  • табиғат қорғау қызметін жедел басқаруды қамтамасыз ету;
  • инвестициялық жобаларды олардың жүзеге асуының барлық кезеңінде экологиялық тазалығын қамтамасыз ету;
  • темір жол саласы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау;
  • жұмыс қауіпсідігін арттыру және қоршаған ортаға әсер етуді төмендету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және орындау;
  • қызметкерлерді сауықтыруға бағытталған сапалы профилактикалық медициналық көмек көрсету;
  • мүмкін болар қайғылы жағдайлар мен оқиғалардың алдын алуға немесе олардың кері әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи тәуекел менеджменті;
  • қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс дағдысына әрдайым үйрету;
  • апаттық жағдайлардың алдын алу және апаттық жағдай туындаған жағдайда қызметкерлердің әрекет етуі мақсатында төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік органдармен жедел жұмыстар жүргізу;
  • азаматтардың қоршаған орта және экологиялық қауіпсіздік туралы шынайы ақпарат алу құқығын сақтау;
  • табиғи ресурстарды тиімді пайдалануы бойынша қызметкерлерді белсенді қимылға тарту үшін жағдай жасау.