Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Атбасар Электровозжөндеу зауыты жуу камерасын жасап шығарды



Қамқор GREEN экологиялық бағдарлама шеңберінде «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар Электовозжөндеу Зауыты» филиалында Kercher шығарған кір жуғыш машинаның көмегімен НБ-418кб, ЭД-118A электр машиналар цехының тартқыш электр қозғалтқыштарын жууға арналған жуу камерасы жасалды. Бұл жоба компанияның энергия ресурстарын үнемдеу және камераның ішінде адамның қатысуынсыз жууды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, осы жобада камерада тартқыш электр қозғалтқышын жуғаннан кейін пайдаланылған суды айналымға енгізу жүйесі жүзеге асырылды.

Жуу бөлігін жаңғырту:

Тартқыш электр қозғалтқыштарын жуу кезінде бөлшектердің сапасын жақсарту

Энергия мен суды тұтынуды азайту

Уақытты үнемдеу

Бөлшектерді тазалаған кезде жұмысшыларды қорғау

мүмкіндігін береді



← Бөлiмге өту