Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Алматы-1 стансасындағы Вагон доңғалақтары шеберханасын газдандыру



«Kamkor GREEN» бекітілген экологиялық бағдарламасын ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйесінің» талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ аумақтың экологиялық ортасын жақсартуда ағымдағы жылы «Қамқор Вагон ЖШС «Алматы-1 санциясының вагон доңғалақтар шеберханалары» филиалын газдандыру жобасы жүзеге асырылды.

Филиалдың жылу жүйесін қатты отыннан газға ауыстыру аясында келесі жұмыстар атқарылды:

газдандыруға техникалық шарт пен жобалауға архитектуралық –жоспарлау тапсырмасы алынды;

Алматының қалалық жоспарлау мен урбанистика басқармасы Мемлекеттік мекемесімен келісіліп, жылу қазандығын газдандыру жобасы жасалды;

1998 жылы жасалған бу қазандығы ТЖ органдарының есебінен шығарылып, бұзылды;

автоматтандырылған газбен жұмыс істейтін және сумен жылыту қазандықтары орнатылды;

1936 жылы салынған, моральдық және физикалық тұрғыдан тозған бумен жылыту жүйесі барлық өндірістік және кеңселік ғимараттардың сумен жылыту жүйесі жаңадан радиаторлар қою арқылы қайта жаңғыртылды;

қазандық ғимаратының ішкі бөлігіне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, еденіне полимерлік төсеме құйылды;

Филиал қазандығы ғимаратының сырты металл сайдингпен қапталды. Алматы ВКМ газдандырған соң, қатты отын (тас көмір) сатып алынбайтын болды, бұл қоршаған ортаға шығаратын эмиссия көлемін 85 %-ға азайтты.



← Бөлiмге өту