Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Қазалы локомотив жөндеу заводының жұмысшылары ЧМЭ3т сериялы маневрлік тепловоздың ТО-8 көлемінде жөндеу технологиясын игерді.



Қазалы локомотив жөндеу заводының жұмысшылары тағы да алдына қойылған тапсырманы ойдағыдай орындап, ЧМЭ3т сериялы маневрлік тепловоздың ТО-8 көлемінде жөндеу технологиясын игерді.

Техникалық қызмет толық көлемде жүргізілді, локомотивтің барлық бөлшектері мен ЧМЭ сериясындағы тепловоздарды жөндеу ережелеріне сәйкес қатаң түрде жөнделді. Сондай–ақ локомотивті жөндеу кезінде төмендегілер игерілді:

- геометриялық параметрлерді қалпына келтіре отырып арба жақтауларын жөндеу;

- жарамсыз бөлшектерді ауыстыра отырып, ТЭ-006 тартқыш электр қозғалтқыштарын жөндеу;

- дөңгелек жұптарын таңғыш пен ақаулары бар элементтерді ауыстыра отырып, толық сауалнама көлемінде жөндеу;

- электр және пневматикалық жабдықтарды жөндеу.

Қазалы локомотив жөндеу зауытты ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге мамандандырылған. Ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасы бәсекелестік ортада сенімді әрекет етуге мүмкіндік береді, бұл үшінші тарап тұтынушылары санының 30 пайыздан астамға артуымен расталады.



← Бөлiмге өту