Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Қамқор Вагон» компаниясының дамуының жаңа кезеңі - Вагон доңғалақ шеберханаларын ашу.

«Қамқор Менеджмент» қазақстанның көпсалалы ірі холдингі - «Қамқор Вагон» ЖШС, жыл сайын 15 мыңнан астам жүк вагондары мен 25 мың дөңгелекті жөндеуді жүзеге асыра отырып, Вагон доңғалақ шеберханаларын (ВДШ) құру жөніндегі стратегиялық жобаны құруды табысты жалғастыруда.

2020 жылдың 22 қазанында «Қамқор Менеджментің» бас директоры Диас Сүлейменов «Қамқор Вагон» ЖШС филиалы - «Павлодар вагон жөндеу депосы» базасында ұйымдастырылған Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында алғашқы Вагон-доңғалақ шеберханаларының ашты. Павлодарлық жобаны іске асыруға салынған инвестиция көлемі 170 миллион теңгені құрады.

«Вагон доңғалақ шеберханаларын ұйымдастыру үшін жұмыс станцияларының автоматизациясы, токарлық-бұрғылау және токарлық-орамдау станоктары бар заманауи қосарланған пресстеу жабдықтары сатып алынды.

Дөңгелектер жиынтығының қалыптасу сапасын тиімді бақылау үшін қатты орама дөңгелектері мен осьтерін бұзбай сынауға арналған позиция ұйымдастырылды.

Өндірістік және басқару кадрларын даярлау жүзеге асырылды. Дөңгелектердің тәжірибелі үлгісін қабылдау жүргізілді, сонымен қатар доңғалақ партияларын күрделі жөндеуге шартты мөртабан нөмірін ұзарту алынды, онда бір бірлікке 25 тонна жүктеме берілді.

ВДШ-ның ашылу салтанатында, Вагон доңғалақ шеберханаларын ашудың басты мақсаты - «Бір терезе» қағидаты бойынша жөндеуді ұйымдастыру, ол төмендегілерді қамтамасыз етеді:

- бір кәсіпорында жүк вагондары мен доңғалақтарды жөндеудің толық циклін шығару;

- жүк вагондарын жөндеу кезінде тоқтап тұру санының азаюы; - тұтынушылардың дөңгелектерді тасымалдау шығындарын азайту» - деп хабарлады« Қамқор Вагон » ЖШС-нің бірінші басшысы Сәкен Төлебаев. - Павдодар вагон-доңғалақ шеберханалары дөңгелектердің жөндеу көлемін жылына 3000 данаға дейін қамтамасыз етеді.

- Стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыра отырып, «Қамқор Вагон» компаниясы 2021 жылы Қарағанадағы вагон жөндеу депосында вагон-доңғалақ шеберханаларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қарағанды ВДШ-на жоспарланған инвестиция көлемі 200 миллион теңге, ол доңғалақтарды жөндеу көлемін жылына 5000 данаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Жалпы «Қамқор Вагон» компаниясы бүкіл Қазақстан бойынша ВДШ ашуға шамамен миллиард теңгені бағыттайды.

Бәсекелестік ортада жұмыс істей отырып, «Қамқор Вагон» ЖШС көптеген жылдар бойы сенімділік танытып, компанияның тұрақты нәтижелері және стратегиялық дамуы, жоғары деңгейдегі жөндеу және қызмет көрсету, сонымен қатар ақша, сапа және сенімділік арақатынасын атап өту қажет. «Қамқор Вагон» компаниясының бәсекелік артықшылығы - өзінің өндірістік базаларын үнемі жаңарту және модернизациялау болып табылады. Вагон жөндеу деполарын дамытуға салынған инвестиция көлемі жыл сайын 500 миллион теңгені құрайды.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларына инвестициялар - жыл сайын шамамен 200 миллион теңгені құрайды.

«Қамқор Вагон» компаниясының сөзсіз бәсекелік артықшылығы оның білікті кадрлары болып табылады - күн сайын 1500-ге жуық мамандар теміржол тасымалына арналған жылжымалы құрамның дайындық деңгейлерін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындайды.

Сонымен бірге, компанияның жалақы мен қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға арналған шығындары биыл 3 миллиард теңгеге жетті.

«Қамқор Вагон» ЖШС еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті қарқынды және инновациялық дамыту, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бойынша нақты стратегиялық жоспар бойынша жұмыс істейді

Қамқор Вагон компаниясының қызметі көпжақты стратегиялық серіктестік, тапсырыс берушілердің қолдауы мен сенімі жағдайында құрылады. Маңызды тапсырыс берушілердің бірі - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы болып табылады.

«Қамқор Вагон» жұмысының нәтижелері халықаралық кәсіби қоғамдастықтың жоғары сенімі мен мойындалуына негіз болғаны сөзсіз.



← Бөлiмге өту