Камкор менеджмент

Жаңалықтар

7 қазанда «Қамқор Менеджмент» басшылығының «Қамқор Магистраль» көлік жөндеу кәсіпорындарының салалық кәсіби одағының көшбасшыларымен жыл сайынғы VIII кездесуі онлайн форматта өтті.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС-ң бас директоры Диас Сүлейменов еңбек ұжымының басшыларына үндеу жолдады

Құрметті «Қамқор Магистраль» көлік жөндеу кәсіпорындарының салалық кәсіби одағының басшылары! Құрметті жиналысқа қатысушылар!

Бүгінгі еңбек ұжымдарының салалық кәсіби одақтардың жетекшілері мен «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы басшылығының жыл сайынғы VIII жиналысына қош келдіңіздер!

Компания басшылығы үшін еңбек ұжымдарының кәсіподақ көшбасшыларымен кездесудің маңызы зор екендігін және короновирустық инфекцияның COVID-19 таралуына байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып, біздің жыл сайынғы кездесуімізді онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылданғанын атап өткім келеді.

2020 жылдың басынан бүкіл әлем COVID-19 короновирустық инфекциясы пандемиясы – сынаққа тап болды.

2020 жылдың наурызында COVID-19 бірінші ошақтары біздің елімізде көрініс тапты. Короновирустық инфекция біздің де еңбек ұжымдарында да анықталды.

Карантин шараларын хабарлағаннан бастап 107 компания тобы қызметкерлері короновирус індетіне шалдықты, 500 жұмысшы байланыс тұлға ретінде оқшауланды. 2020 жылдың 1 қыркүйегі бойынша COVID-19 короновирусқа шалдыққан жұмысшылар түгелімен жазылып шықты.

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы Компания қызметкерлерінің алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, COVID-19 вирустық инфекциясының таралуына қарсы шаралар кешенін әзірледі. 2020 жылғы 16 наурыздағы менің бұйрығыма сәйкес, короновирус инфекциясының таралуын алдын-алу бойынша «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының жедел штабы құрылды. Қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың кешенді жоспары жасалды, өндәрістік бөлімшелерге ерекше назар аударылды.

Компанияның 9400 жұмысшысынан 600 қызметкері қашықтықтан жұмыс жасауға жіберілді.

Қызметі теміржол көлігінің қауіпсіздігі және үзіліссіз жұмысына тікелей байланысты қызметкерлер үшін қауіпсіздік пен коронавирустық инфекциядан қорғаудың максималды шаралары қолданды, мысалы: Маскалармен және бактерияға қарсы заттармен қамтамасыз ету, Бөлмелерді дезинфекциялау, 55 жастан асқан қызметкерлерге арналған алғашқы медициналық көмек жинағын және жоспардан тыс демалыс және тағы басқалар. Жоғарыда аталған жұмыстар қазіргі уақыттада жалғасуда.

Құрметті кәсіподақ көшбасшылары!

Осы мүмкіндікті пайдала отырып, «Қамқор Магистраль» кәсіподағына вирусқа қарсы іс-шараларға белседі қатысқаны үшін және де материалдық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Өз тарапымнан мынаны атап өткім келеді:

Компания COVID-19 инфекциясын анықтауға арналған тестілердің жетіспеушілігіне жедел көңіл аударды: 2020 жылдың 26 маусымында «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы Медикер медициналық холдингімен ПТР әдісі арқылы тест тапсыру туралы келісім-шартқа отырды. 50 миллион теңге соммасына келісім жасалды.

Бүгінгі күні Компанияның 500-ден астам қызметкері осы келісім бойынша ПТР тестілеуден өтті. Өздеріңіз білетіндей Пандемияның екінші толқыны болжануда. Осыған орай. жұмыс берушінің есебінен қызметкерлерді ғана емес олардың отбасы мүшелерін емдеу үшін Компания вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер сатып алуға келісім жасады. Қазірдің өзінде дәрі-дәрмек сатып алуға шамамен 30 миллион теңге жұмсалды.

Жалпы, 2020 жылғы 10 наурызынан бастап 1-ші қазанына дейін «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы бюджетінен қызметкерлерді COVID-19 инфекциясын қорғауға 144 миллион қаражат жұмсалды. «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы Пандемия және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы шараларға бағытталған айтарлықтай күтпеген шығындарға қарамастан, Ұжымдық шарттың талаптарын орындау және әлеуметтік саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Компания қызметкерлерінің саны тұрақты 9400 адамды құрайды.

Өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында инвестиция көлемі ағымдығы жылы 2 миллиард 209 миллион теңге деңгейінде сақталды, оның ішінде Қарағанды, Тараз, Шар локомотив жөндеу деполарының, Қарағанды, Аягөз, Павлодар және Қазалы вагон жөндеу деполарының, Астана және Ақтөбе ЖМС филиалдарының ғимараттар мен құрылыстарына қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Компания өз филиалдарының машиналар паркін үнемі жаңартып отырады, теміржол және автомобиль жолдарының құрылысына жабдықтар сатып алады. Барлық филиалдар еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту шараларымен қамтылған, бұл жыл сайын 1,2 млр теңгені құрайды, оның ішінде 300 миллион теңгеге арнайы киім сатып алынды. 2020 жылы Компанияның қызметкерлерге еңбекақы төлеуге арналған шығыстары 21 миллиард теңгеге дейін өсті, денсаулықты оңалтуға материалдық көмек 1 миллиард теңгені құрады. Ағымдағы жылы Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға 394 миллион теңге бөлінді, бұл көрсеткіш 2019 жылдың деңгейінен 33 миллион теңгеге жоғары.

«Қамқор GREEN» бағдарламасын іске асыру сәтті жалғасуда, бұл компанияға құрылған көміртегі ізін 600 тоннаға оңтайландыру мүмкіндігін берді, ал зиянды шығарындылар саны жүйелі түрде азаюда. 2019 – 2020 жылдар аралығында отын-энергетикалық ресурстардың жалпы үнемделуі 12 пайыздан асты.

Кадрларды даярлау мен дамытуды ұйымдастыру жұмыстарына да тоқталғым келеді. 2015 жылдан 2020 жылға дейін қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыруға шамамен 500 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, теміржол колледждерінде, Қазақ көлік және коммуникация академиясында, Қазақ техникалық университетінің магистратурасында қызметкерлерді оқытуға арналған жобаларға 140 миллион теңге бөлінді. Осы білім беру жобаларының нәтижелері негізінде және кадрларды даярлау мен дамытуға жүйелі көзқарас ретінде «Қамқор Менеджмент» компаниясының басшылығы «ҚАМҚОР EDUCATION» интеграцияланған білім беру стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды бастайды – оның басты міндетті өндірістік тиімділік деңгейін айтарлықтай арттыра алатын білікті адами ресурстарды қалыптастыру болып табылады, олардың еңбек өнімділігі Компанияның басты бәсекелестік артықшылығы болып табылмақ.

Құрметті кәсіподақ көшбасшылары! «Қамқор Менеджмент» компаниясының басшылығы «Қамқор Магистраль» кәсіподағын «ҚАМҚОР EDUCATION» білім алу бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға белсенді қатысуға шақырады. Барлық деңгейдегі қызметкерлердің білімін арттыру біздің басты міндетіміз болу керек!



← Бөлiмге өту