Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«ҚАМҚОР GREEN» бардарламасы іске асыру аясында көшеттерді өтырғызу және спорттық алаңды ашу

2020 жылдың 26 қыркүйегінде салтанатты-мерекелік түрде «Қамқор менеджмент» компания тобының жұмысшылары «ҚАМҚОР GREEN» бардарламасын іске асыру аясында жасыл Аллеяларын ашты.

«Қамқор Локомотив», «ҚАЗАҚСТАН ОЭК» жұмысшылары «Қамқор Вагон», «Теміржол жөндеу» ЖШС, «Қамқор Магистраль» кәсіподақ жетекшілерінің белсенді қатысуымен бір мезгілде Компанияның өндірістік базалары орналасқан Атбасар, Сексеуіл, Шу қалаларында 2000-ға жуық жасыл көшеттер отырғызылды.

Атбасар қаласында - жасыл аллея және жаттығуға арналған спорт Workout алаңы Теміржолшылар паркі аумағында ашылды. Workout-қа арналған спорттық жабдықтардың басым бөлігін Атбасар электровоз жөндеу зауытының кәсіби шебер мамандары жасап шығарды.

Сексеуіл кентінде №231 орта мектебінің аумағында - Жасыл аллея отырғызылды.

Шу қаласында - Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің аумағында Жасыл аллея отырғызылды.

Бұл іс-шараларға қала әкімдерімен жергілікті аудан әкімдері және мектеп директорлары да қатысты.

Көшеттер отырғызу және барлық дайындық жұмыстарын Атбасар Электровоз жөндеу зауытының, Сексеуіл Локомотив жөндеу депосының, Шу Локомотив жөндеу зауытының өндірістік жұмысшылары орындады, сондай -ақ Атбасар, Сексеул, Шу жанармай базаларының жұмысшылары да атсалысты.

Еске түсіре кетейік, 2019 жылдың 12 қырқүйегінде кіші қалаларды жасылдандыру бойынша «ҚAMҚOР GREEN» ауқымды экологиялық бағдарламасының маңызды бір жылсайынғы «ҚАМҚОР Park» акциясы бастау алды. «Қамқор Менеджмент» компаниясының бірінші басшысы Диас Сүлейменов бастаған басшыларымен жұмысшылары, Қамқор Магистраль кәсіподақ жетекшілерінің қатысуымен, бір мезгілде Компанияның өндірістік базалары орналасқан Аягөз, Шар, Қазалы, Шалқар қалаларында 2000-ға жуық қылқан жапырақты көшеттерді отырғызған болатын.

Әрине, бұл ұйымдастырылған іс-шаралар барлық шектеу шараларын қатаң түрде ескере отырып өткізілді.



← Бөлiмге өту