Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Диас Сүлейменов ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығын басқарады

«ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ФА ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысының бірауыздан шешімі бойынша ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының президенті болып Сүлейменов Диас Төлеутайұлы сайланды.

Сүлейменов Диас Төлеутайұлы – «Қамқор Менеджмент» бас директоры, кәсіби қызметімен қатар әлеуметтік, білім беру, спорт және басқа да коммерциялық емес жобаларға ерекше көңіл бөледі.

2009 жылдан 2019 жылға дейін Диас Сүлейменов «Елордалық бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігін басқарды.

Елордалық бокс федерациясы Д. Т. Сүлейменовтың басшылығымен жыл сайын Елордалық ерлер және әйелдер құрамаларының құрамына кіретін 50-ден астам боксшыны даярлауды қамтамасыз етті, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері бар.

Елордалық бокс федерациясының тәрбиеленушілері арасында: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова, әлем чемпиондары Ләззат Күнгейбаева мен Валентина Хальзова.

Диас Сүлейменов Елордалық бокс федерациясында қызметін тоқтатпай, Қазақстандық паралимпиадалық қозғалысты дамытуға қосылды және 2016 жылы Бас хатшы қызметіне, ал 2019 жылы - ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің (ҚР ҰПК) Вице-президенті болып сайланды.

Д. Т. Сүлейменов халықаралық қатынастарды дамытуға белсенді қатысты және нәтижесі ретінде ҚР ҰПК бүгінгі күні Халықаралық паралимпиадалық комитеттің, Азия Паралимпиадалық комитеттің, IBSA (соқырларға арналған халықаралық спорт федерациясы), Арбадағы және ампутанттардың халықаралық спорт федерациясының, Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған волейболдан халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады.

Паралимпиадалық спорт түрлері дамыған елдер арасында көпірлер орнатылды. Басқа елдердің командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының арқасында паралимпиадашылар - спортшылар мен жаттықтырушылардың нәтижелері айтарлықтай жақсарды.

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының еңбек ұжымында паралимпиадалық қозғалыстың бірқатар жобалары жүзеге асырылған көптеген еріктілер мен волонтерлер бар.

Осындай жобалардың бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануына бейімделген қайта құрудан кейін «Тарлан» мұз айдынының ашылуы болып табылады.

Ашылу Халықаралық паралимпиадалық комитеттің вице-президенті - төрт дүркін паралимпиадалық чемпионы Дуэйн Кейл мырзаның және Сүлейменов Диас Төлеутайұлының, сондай-ақ «Қамқор Менеджмент» еріктілерінің қатысуымен өтті, ол ашылу кезінде следж-хоккейге арналған шананы Атбасар ЭЖЗ-ның қызметкерлерімен жүргізілді.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш следж – хоккей командасы жасақталып, сәтті жаттығуда.

Диас Сүлейменов көптеген жылдар бойы Қазақстан спортын дамытуға белсенді қатысып, ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының президенті болып сайланғанын үлкен жауапкершілікпен қабылдады.

«Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне және сіздерге, құрметті әріптестер, осы жауапты лауазымға сенім артқаны және сайланғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Ұсынылған мүмкіндікті жоғары бағалаймын және біздің елімізде қысқы спорт түрлерін жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Шаңғы спорты Дүниежүзілік олимпиадалық қозғалыста жетекші орын алады. Біздің міндетіміз қазақстандық спортшылардың қысқы спорт түрлерінде жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуі және сапалы дайындығы үшін ең жақсы жағдай жасау», - деп «ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ФА ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысында Диас Сүлейменов өз сөзінде атап өтті.



← Бөлiмге өту