Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Локомотивтер сенімділігін арттырудың өзекті сұрақтары

03 және 04 қазанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бастамасы бойынша «Қамқор Локомотив» ЖШС – «Астана локомотив жөндеу депосы» филиалының базасында «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ локомотивтерінің сенімділігінің көрсеткіштерін арттыру» атты конференциясы өтті.

«Қамқор Локомотив» Астана локомотив жөндеу депосына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның, «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының, Wabtec - Transportation Global LLC, Alstom секілді компаниялардың, ҚР локомотивтік шаруашылықтың жеке кәсіпорындарының жоғары және орта түйіннің 100-ден аса жетекшілері локомотив өндірушілерімен және сервистік компаниялармен тартымдық қозғалмалы құрамның сенімділігін арттыру бойынша өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылау мақсатында қатысты.

Конференцияға сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директордың орынбасары Руслан Шакенов, «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директорының орынбасары Әлібеу Кулибаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қауіпсіздік бойынша басқарушы директоры Марат Шәкенов, «ҚТЖ – Жүк тасымалдары» Локомотивтік шаруашылығы департаментінң директоры – атқарушы директор Мақсұт Ибраев және басқа жетекшілер қатысты.

Қазақстан бойынша 1500-ден астам локомотив, оның ішінде жаңа сериялы локомотивтер жүреді. Конференция қатысушылары локомотивтік бригадалармен қауіпсіздікті бұзу жағдайларының алдын алу себептерін, дөңгелек жұптарының қарқынды тозу мәселелері, жөндеудің технологиялық үрдісін бұзу жағдайлары, дөңгелек жұп пен тартымдық электр қозғалтқыштарының, қосымша машиналардың, электр аппараттарының жетіспеушілігін және т.с.с. локомотивтерді пайдалану, жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша басқа да өзекті сұрақтарын талқылады.

ҚР теміржол жетекшілері конференцияда Alstom және Transportation Global LLC компаниялармен барлық түрлендірудегі ТЭ33А, ТЭП33А, KZ8A, KZ4А сериялы локомотивтердің жетістіктерінің конструктивтік кемшіліктерін жою бойынша іс-шаралар туралы сөз қозғады.

Жұмырлау санын арттыруға және локомотив бандаж ресурстарын елеулі қысқартуға алып келген дөңгелек жұптардың тозуының жылдам арту себептері туралы талқыланды. Қарқынды тозумен байланысты жұмырлауды күту және дөңгелек жұптарын алмастыру себебінен локомотивтердің тұрып қалуына жол беріледі.

Дөңгелек жұптардың тозуын төмендету мақсатында бастапқы кезеңде 3 вагон – рельс сулағыштар жұмысын іске қосу ұсынылды. Болашақта өңірлер бойынша бөлу үшін 6 данаға дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар дөңгелек жұптарын тозу қарқындылығын бақылауды жүргізу үшін сенімділік лабораторияны құру, ұсынымдарды беру сұрағы көтерілді.

Адами фактордың маңыздылығы туралы да сөз қозғалды, яғни қызмет көрсететін персоналдың кінәсінен локомотивтерде ақаулықтар болатыны анық. Жеке локомотив жөндеу кәсіпорындарында тартымдық қозғалмалы құрамды жөндеу бойынша слесарь штаттары жабдықталмаған.

Сонымен бірге жөндеу кәсіпорындарының жетекшілері кәсіпорындардың зарарсыздандыруды болдырмас үшін локомотивтердің жөндеу құнын арттыру қажеттілігін айтты. Осылайша локомотивтердің сенімділігіне және техникалық жағдайына әсер етеді. Пайдаланушы депо локомотивтері қабылдағыштарының және ПТОЛ учаскелері басшыларының біліктілігін жүйелік арттыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының «Теміржол көлік персоналын бағалау мен дамыту орталығы» базасында біліктілікті арттырудың арнайы бағдарламасы әзірленген.

Тасымалдау үрдісін қамтамасыз ету және локомотивтердің техникалық жағдайын жақсарту үшін жеке жөндеу кәсіпорындарына жөндеу мен қызмет көрсетудің барлық түрлерінің мерзімі мен технологиясын сақтау, босалқы бөлшектер жиынтығына ие болу секілді кеңестер берілді.

Конференция қатысушылары Астана локомотив жөндеу депосының өндірістік цехтарымен танысу бойынша іс-шараларға қатысты. Осы іс-шараның нәтижесінде келген мамандар локомотивтерді жөндеу технологиясына енгізілген өзгерістермен, үнемді өндіріс құралдарымен, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында жасалынатын локомотивтердің бөлшектері мен жиынтықтарымен танысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы электровоздың төбе құрал-жабдықтарының полимерлік шоғырландырғыштарын орнату, ортадан тепкіш құю әдісімен электр аппараттардың жиынтық бөлшектерінің, моторлық-осьтік мойынтіркек өндірісі, қосымша машина роторларының қалпына келтіру жөндеу және т.б. локомотивтердің сенімділігін арттыру мақсатында Қамқор Локомотив жүзеге асырған жобаларды жоғары бағалады.

Жүргізілген конференция нәтижелері бойынша 3 жылға арналған сервистік қызмет көрсету сапасы мен техникалық жағдайды жақсарту, локомотивтерді жөндеу, негізгі локомотивтік құрал-жабдықтың ауыспалы бөлшектерін құру бойынша қысқа мерзімді ұсынымдар әзірленді. Аталған ұсынымдар ағымдағы жылдың үшінші он күндігінде бірлескен жиналыста қарастырылатын болады.



← Бөлiмге өту