Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Вагон жөндеу машиналарының (ВЖМ) жұмысын іске қосу

«Lean Production» жобасының шеңберінде «Қамқор Вагон» ЖШС Өскемен ВЖД және Аякөз ВЖД филиалдарында жеке күшімен Вагон жөндеу машиналары ВЖМ жасалынып пайдалануға енгізілді. Осы жобаны енгізу жыл сайын ТОР телімдерінде 1200 вагонға дейін жөндеу көлемін арттырды.

Аталған механикалық қондырғы бірегей мамандандырылған жүйе ретінде вагондардың шанағын түзетуге арналған. Мұндай қондырғыны пайдалану жұмыстардың еңбек сыйымдылығын төмендетуге, түзету үрдісін механикаландыру және вагон шанағы геометриясын қысқа мерзімде зауыттық параметрлерге дейін келтіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өскемен ВЖД кезінде ВЖД-ны іске қосқан кезде «ҚазЦинк-ТемірТранс» ЖШС директоры А.А. Новиков, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС өкілі А.В. Шустов, сонымен бірге «ҚТЖ» ҰК» ЖШС өкілдері, қозғалмалы құрам бойынша департаментінің вагон шаруашылығы бөлімінің бастығы К.Е. Сембаев, НОДГПЗ-1 м.а. Г.С. Игембеков, РБВ-5 бастығы Н.К. Асанов, Защита ОВП бастығы – «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалының директоры Б.Н. Аканов, ВЧД-24 орынбасары М.Б. Кыдырханов қатысты.

«ВЖМ көрсетілген функционалдық мүмкіндіктері қысқа мерзімде жүк вагондарды сапалы ағымдағы тізбекті жөндеуді өткізуді қамтамасыз етуді кепілдендіруге және «Қамқор Вагон» ЖШС кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді» -деді өз сөзінде осы өңірдегі вагонның ірі меншіктерінің біріне жататын «Қазцинк-ТемірТранс» ЖШС директоры А.А. Новиков.

«Lean Production» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың бекітілген жоспарына сәйкес 2020 жылы Қарағанды ВЖД мен Павлодар ВЖД-да Вагон жөндеу машиналарын жасау жоспарланған. Жеке күшімен ВЖМ жасаудың өзіндік құны 13 млн. теңгені құраған, бұл ретте Ресей Федерациясы өндіруші зауыттардың ұқсас функциялары бар құны 116 млн. теңгені құрайды.



← Бөлiмге өту