Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Стратегиялық жобаны табысты жүзеге асыру

2019 жылы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі Асқар Ұзақпайұылы Мамин және Өзбекстанның Премьер – Министрі Абдулла Нигматович Арипов «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» халықаралық маңызы бар автомобиль жолы қозғалысын салтанатты түрде ашты. Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж.Қасымбек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр, басқа да ресми тұлғалар қатысты.

«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта құру» жобасын жүзеге асыру «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жыл 6 шілдеден басталған. Жол Каспий маңы өңіріне және Еуро Одақ елдеріне шыға отырып, Ташкент – Самарқанд – Бұқара – Нүкіс – Бейнеу – Атырау - Астрахань» халықаралық-транзиттік-транспорттық дәліз құрамына кіреді.

Бас директоры Диас Сүлейменов бастаған «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы Стратегиялық мемлекеттік жобаны сапалы-жоғары деңгейде және жеделдетілген мерзімде жүзеге асыруға бар күш-жігерін салды.

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы ұйымы - «Теміржол жөндеу» ЖШС, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесінің және оның халықаралық сауда ағындарына кіріктірілуінің бөлшегі болып табылатын, аталған жобаның бас мердігері болды.

2018 жылы 11 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың телекөпір режимінде «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының Алғашқы іске қосу кешенін ашуы осы жоба барысындағы жауапты әрі маңызды оқиға болды.

Жаңа технологияларды пайдалана отырып жобаны дер кезінде жүзеге асыру және автожолды қайта құру мақсатында Қазақстанның барлық өңірлерінен жоғары білікті инженер мамандар, жол құрылысшылары, жұмыс тәжірибесі бар жол техникасының машинисттері тартылды.

Жалпы алғанда, жобаға шамамен 400 техника тартылды және 600 астам жұмыскерлер табысты еңбек етті.

Инвестициялық бағдарлама аясында «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобы стратегиялық жобаны жүзеге асыру үшін Асфальт-бетон зауыты RD175, тегістеп жаншу және пневмодөңгелекті катоктар, «BOMAG» маркалы асфальт төсегіштер "SEM" 919 автогрейдерлер, тиегіштер, Shacman өзі аударғыш машиналар және басқа да техникалар сатып алынып, пайдалануға берілді.

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы өзінің қызметінде жүк тасымалы ағынын жеделдетуді ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы қазақстандықтар заманауи және сапалы автомагистральмен жүруі қажет екендігін мақсат етіп қойып отыр.



← Бөлiмге өту