Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Техникалық шарттары бойынша сары фосфорды тасымалдауға арналған вагон- цистерналардың қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеу

«Қамқор Вагон» ЖШС Техникалық шарттары бойынша сары фосфорды тасымалдауға арналған вагон-цистерналардың (ҚКЖ) қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеу мәселесі бойынша «Қазфосфат» компаниясымен табысты ынтымақтастық жалғастырып келеді.

«Қазфосфат» компаниясы – химия саласының флагманы, Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсібінде қызмет етеді және ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры бар өнім өндіру бойынша көшбасшы компания болып табылады. «Қазфосфат» компаниясының өнімі Шығыс және Батыс Еуропа, ТМД елдері, Қытай нарықтарына, сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізіледі.

«Қамқор Вагон» ЖШС «Өскемен вагон жөндеу депосы» филиалы сары фосфорды тасымалдауға арналған вагон-цистерналарды ҚКЖ іске асырушы Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз вагон жөндеу кәсіпорыны болып табылады.

Қазіргі уақытта жөндеуге жіберу жоспарланып отырған 108 вагоннан ағымдағы жылы 23 вагоны жөнделіп, «Қазфосфатқа» жұмысқа жіберілді. Жөндеу сапасының жоғары деңгейі және белгіленген стандарттың толық сәйкестігі қамтамасыз етіледі.



← Бөлiмге өту