Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Кәсіби дамуға ерекше назар

2019 жыл 28-29 мамыр күндері «Қамқор Вагон» ЖШС «Бірлескен Вагон Компаниясы» ғылыми-өндірістік корпорация ресейлік компаниямен («БВК ҒӨК» ЖАҚ) және 18-9855, 18-9810 модельді арбашаларында (Barber) жетілдірілген техникалық сипаттамалы вагондар дайындаушы-зауыт болып табылатын «Тихвинский вагон құрастыру зауыты» АҚ (ТВҚЗ АҚ) бірлесе отырып, Қарағанды вагон жөндеу депосы базасында оқытушы мастер-класс ұйымдастырылды: «18-9855, 18-9810 модельді арбашаларындағы вагондарға сервистік қызмет көрсету».

Оқыту семинарын вагон дайындаушы-зауыт өкілдері өткізді: «БВК ҒӨК» ЖАҚ инфрақұрылымдық жобалар Дирекциясының басшылары Бахмат В.П., «ВНИЦТТ» ЖШҚ эксплуатациялық құжаттама Дирекциясының басшылары Федеорова Н.К., Кепілдендірме және сервистік қызмет көрсету жөніндегі директордың орынбасары – «Титран-Экспресс» АҚ эксплуатация қызметінің басшысы Суриков М.В.

Шараның мақсаты – филиалдар жұмыскерлерінің инновациялық вагондардың конструкциясымен және негізгі техникалық сипаттамаларын және оларға техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеуді үйрену;

18-9855 және 18-9810 модельді арбашаларды шашу және құрастыру технологиясы;

18-9855 және 18-9810 модельді арбашалардағы вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы;

15-9541-01 модельді көмірсутекті сұйытылған газдарға арналған жалғаспа типті цистерналар, оларға техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу. ТВҚЗ шығарған вагон-цистерна ТМД аумағында баламасы жоқ.

1520 м колея кеңістігінде 18-9855, 18-9810 модельді арбашаларда пайдаланылатын вагондар саны артатындығын атап өткен жөн, соған сәйкес вагондардың осы сериясына сервистік қызмет көрсету қажеттілігі туындайды.

2017 жылдан бастап «Титран-Экспресс» ТСЗ» АҚ (үлестес компания «БВК ҒӨК» ЖАҚ, ТВҚЗ АҚ) және «Қамқор-Вагон» ЖШС арасында аталған вагондарға серсивтік қызмет көрсету бойынша шарт әрекет етеді.

Ал вагондардың жалғаспалы түрде орналасқан екі секциясын жалғастыруға арналған AC-1RUS топса типті жалғаспалы құрылғы Wabtec Corporation корпорациясы мен БВК ЖАҚ әзірлемесінің нәтижесі болып табылады.

Оқытуға «Қамқор-Вагон» филиалдарының техникалық мамандары, атап айтқанда технологтар, арбаша және дөңгелек-ролик цехының слесарьлары қатысты.

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың Barber S2R арбашаларындағы вагондардың және жалғаспа типті 15-9541-01 модельді цистерналардың ерекшелігін игеруі және оларға техникалық қызмет көрсетуді меңгеруі бойынша Хаттама толтырылды.



← Бөлiмге өту