Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Қамқор Локомотив шеберлерінің кеңес

Еңбек өнімділігін арттыру, жөндеу және сервистік жұмыстар өндірісі сапасын одан әрі жақсарту, сондай-ақ, өндірістегі шеберлердің рөлін жоғарылату мақсатында «Қамқор-Локомотив» ЖШС-да Шеберлер Кеңесі құрылды

Шеберлер Кеңесінің алғашқы отырысы, «Қамқор-Локомотив» ЖШС бас директоры Мұрат Әміровтың төрағалығымен Астана локомотив жөндеу депосының базасында өтті.

Шеберлер Кеңесінің құрамына, үлкен жұмыс тәжірибесі және жоғары кәсіби білімге ие Қамқор Локомотивтің барлық 13 филиалының өкілдері, сондай-ақ, кәсіби және көшбасшылық дамуға әлеуеті бар жас мамандар кірді.

Шеберлер Кеңесі озық өндірістік-техникалық тәжірибеге, өндірістің заманауи технологияларына сүйенетін, сондай-ақ, Серіктестіктің филиалдары арасында тәжірибе бөлісуді және көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін және өндірістегі еңбекті қорғауды сөзсіз қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың тұтас жүйесін құруды өзіне мақсат етіп қойды.

Отырыс барысында шеберлер Астана ЛЖД-ға енгізілген, өндірістік процестерді ұйымдастыруды өзгерту бойынша пилоттық жобалармен танысты, сондай-ақ «Кадрлық резерв. ТОП 100» және «ТПС қызмет көрсету және жөндеу бойынша кәсіби стандарт» жобалары презентацияланды. Ал шеберлер болса, өз кезегінде, отырысқа дайындалған бастамаларымен келді, олар бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді және оларды шешу жолдарын ұсынды.

Шеберлер Кеңесі презентацияланған жобаларды жетілдіру бойынша жұмысқа белсене қосылды. 13 шебер 2 бастамашыл топқа бөлінді. Жаңа жобаларды жүзеге асыру және өндіріс процесін жетілдіру – 1-ші топтың негізгі мақсаты, 2-топ ТПС жөндеу бағдарламасын орындауды және сервистік қызмет көрсетуді кешенді жақсартуға бағдарланған. Бүгінгі күннің өзінде «Қамқор Вагон» ЖШС Шеберлер Кеңесі филиалдарда Шығармашылық, инновациялық және соңғы рационализаторлық қызметті дамыту бойынша бағдарламаларды, сондай-ақ, жастарды озық шетелдік және отандық тәжірибеге сәйкес білімділік дамытуға көмектесу бағдарламаларын әзірлеуге кірісіп кетті.

Шеберлер Кеңесін құру өңірлердегі өндіріс қызметкерлерінің толық қолдауына ие болды, себебі өндірісті жетілдіру және дамыту бойынша міндеттер бірінші кезекті мәселе және оларды кешенді түрде және жалпы күш-жігермен шешу қажет.

Шеберлер Кеңесі құрамына Жетпісбай Т.Ж. – Ағадыр КЦ цехының шебері, Жайлыбаев Р.Ж. – Ақтөбе ЛЖД электромашина цехының аға шебері, Баркаев М.К. – Астана ЛЖД аға шебері, Мардаков А.А. – Атбасар ЭРЗ электромашина цехының аға шебері, Кулов Е.С. – Аягөз ЛЖД сервистік қызмет көрсету цехының шебері, Жеңсікбай Б.Ж. – Қазалы ЛЖЗ электромашина цехының шебері, Махомет В.Д. – Қарағанды ЛЖД тепловоздарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі цехтың шебері, Есеркепов Ж.С. – Мақат СО-1-4 СЦ цехының шебері, Кушкаров Д.А. – Сексеуіл ЛЖД локомотивтерге сервистік қызмет көрсету цехының аға шебері, Сыздыков Б.У. – Тараз ЛЖД дайындау цехының аға шебері, Ешниязов С.К. – Шалқар СО-1,2,3,4 СЦ цехының аға шебері, Жұмаділов Д.Р. – Шар ЛЖД тепловоздарға сервистік қызмет көрсету цехының шебері, Абитбеков М.Ш. – Шу ЛЖЗ цехының шебері кірді.



← Бөлiмге өту