Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету –Компанияның басты құндылығы

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобында өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техника қауіпсіздігін сақтаудың шартсыз қажеттілігін айқындау мақсатын көздеген бірқатар іс-шаралар өтті. Аталған шаралар Дүние жүзілік еңбекті қорғау күніне орай өткізілді.

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобында осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, барлық өндірістік филиалдар еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсарту бойынша шаралармен қамтылған, осы мақсатта жыл сайын 1,5 млрд теңге бөлінеді.

Компания жыл сайын негізгі қаражатқа біршама инвестиция салады, сервистік орталықтар және вагон жөндеу деполары жаңғыртылады, филиалдардың білдектер парктері жаңартылып, темір жол және автомобиль жолдары құрылысына арналған техника жаңартылады.

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту қамтамасыз етілген, жыл сайын бұл мақсатқа 100 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалады.

Қазіргі уақытта «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобында «Vision Zero» - Нөлдік жарақат» дүние жүзілік бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп отыр.

Дүние жүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту барысында Компанияда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеке үлесін қосқан жұмыскерлер марапатталды.



← Бөлiмге өту