Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Бұзылмайтын бақылау – темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі» семинар - практикумы

2019 жылғы 17-19 сәуір аралығында «Қамқор Вагон» ЖШС Қарағанды вагон жөндеу депосы базасында «Бұзылмайтын бақылау – темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі» семинар – практикумы ұйымдастырылатын болады.

Іс-шараның мақсаты – филиалдар жұмыскерлерінің заманауи бұзылмайтын бақылау және табаны 1520 мм жылжымалы құрамға арналған бөлшектерді бақылау үшін арналған өндірушілердің соңғы әзірлемелеріне техникалық диагностиканы зерттеуі және меңгеруі.

Қарағанды вагон жөндеу депосы бұзылмайтын бақылау құралдарын әзірлеуші мамандар мен бұзылмайтын бақылау және қауіпсіздік саласында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы пікір алмасу және конструктивті сұхбат алаңына айналады.

Семинарға жүк вагондарын жөндеу барысында қолданылатын бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика құралдарын шығаратын барлық зауыттардың, атап айтқанда, «Микроакустика» ЖҚ (РФ, Екатеринбург қ.), "НПП "ПРОМПРИБОР" ЖШҚ (РФ, Мәскеу қ.), "Алтек-Наука" ЖШҚ (РФ, Санкт – Петербург қ.), «Прибор ЖТ» ЖШҚ (РФ, Владимир қ.) өкілдері қатысады. Семинарға «Қазақстандық вагон жөндеу кәсіпорындары ассоциациясы» ЗТБ, «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ, «Astana Railway Services» ЖШС мүшелері және «Богатырь Транс» ЖШС вагон жөндеу кәсіпорнының өкілдері қатысады.

«Бұзылмайтын бақылау бойынша аттестаттау орталығы» ЖМ директоры В.М.Бродников «Бұзылмайтын бақылау саласында персонал біліктілігін арттыру және сертификаттау талаптары» тақырыбында баяндама жасайды.

«УкрББҒЗИ Украина бұзылмайтын бақылау ғылыми-зерттеу институтының» (Украина, Киев қ.) директорының орынбасары Луценко Татьяна Михайловна «ББ ПР НК В.2-В.4 өзгеруі және қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкестігі» тақырыбында баяндама ұсынады.

Семинарды өткізу уақытында «Алтек – Наука» ЖШҚ және «ПРОМПРИБОР» бұзылмайтын бақылау және техникалық диагностика құралдарын өндірушілерінің шеберлік сағаттарын өткізуі қарастырылған.

Жүк вагондарының бөлшектері мен жинақтарын бұзылмайтын бақылаудың сапасын жоғарылату, диагностикалық және бұзылмайтын тестілеуді дамыту перспективалары, бұзылмайтын бақылау бойынша ережелерімен танысу, табаны 1520 мм жылжымалы құрамның қозғалатын бөліктерді бұзылмайтын бақылауға арналған дефектоскопиялық (ультрадыбыстық, құйынды-тоқты және магнитті ұнтақты) құрал-жабдықтармен танысу мәселелері талқыға салынады.


← Бөлiмге өту