Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Құрылыс маусымы сәтті басталды

«Теміржол жөндеу» ЖШС Бас директоры Искандир Карсыбеков республикалық маңызы бар «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы (Нүкіс)» автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту нысанының құрылыс маусымына толық дайын екенін хабарлады.

2019 жылы 4 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алипов Улан Токтарбаевич республикалық маңызы бар «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы (Нүкіс)» автомобиль жолының 0-85 ш учаскесін қайта жаңарту нысанының құрылысы барысымен танысты.
Аталған нысанның Маңғыстау облысы және жалпы мемлекет үшін стратегиялық маңыздылығына байланысты нысан құрылысы тұрақты бақылауда екенін айта кету керек.
Ұлан Алипов сапар барысында құрылыс учаскесін аралап, 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстардың нәтижелерін тексерді, сонымен қатар, Бас мердігер «Теміржол жөндеу» ЖШС өндірістік базасына барып, мұнда техникалық жасақталуымен және өндірістік қуаттарымен танысты. Жұмыс сапарының нәтижесі бойынша «Теміржол жөндеу» ЖШС және субмердігер ұйымдардың басшылығының қатысуымен жиналыс өткізілді. 2019 жылғы қаңтар айынан бастап негізгі жол-құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары қарқын алғанын және ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап негізгі жол жабынын салу бойынша құрылыс жұмыстары басталғанын айта кету керек.


← Бөлiмге өту