Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Арнайы жабдықтар өндірісі

«Қамқор Локомотив» ЖШС Атбасар электровоз жөндеу зауыты базасында өз қажеттіліктері үшін арнайы стандартты емес жабдықтар өндірісін дамытуды жалғастыруда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе сервистік орталығымен ағымдағы жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында ТЭ33А «Evolution» сериялы магистральды тепловозын күрделі жөндеуден өткізіп, сәтті игерген болатын. Қазіргі таңда 2 локомотив бірлігі пайдалануға берілді.
Атбасар ЭРЗ қызметкерлерімен күрделі жөндеу жүргізу үшін жоба әзірленді және ТЭ33А тепловозы арбашаларының рамаларының геометриялық параметрлерін бақылау үшін нивелирлеу металл үстелі әзірленді.
Сондай-ақ, Ақтөбе сервистік орталығының қажеттілігі үшін Атбасар ЭРЗ қызметкерлерімен әзірленген:
- ТЭ33А локомотивіне көтеруге арналған эстакадалар;
- ТЭ33А маңдайалды әйнектерінің жөндеуіне арналған платформалар.
Бұдан бұрын KZ4A сериялы локомотивтерге арналған осы жабдықтың пилоттық даналары Астана ЛРД-да орнатылды, құрылғыларды пайдалану барысында орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы қамтамасыз етілді, сондай-ақ еңбек өнімділігі артты.
2019 жылы Атбасар электровоз жөндеу зауыты Қамқор Локомотив барлық филиалдарын қамтамасыз ету арқылы жоғарыда көрсетілген жабдықтың 50-ге жуық бірлігін дайындауға ниеттенді.


← Бөлiмге өту