Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Қамқор Вагон» ЖШС – жаңа технологиялар басымдығы

«Қамқор Вагон» ЖШС 12-9920 және 12-9941 модельдері инновациялық вагондармен пайдаланылатын Barber S - 2M американдық моделіне ұқсас инновациялық арбалардың доңғалақ жұптары FAG типті кассеталық подшипниктердің құрастыру-бөлшектеу жұмыстарын жүргізуге құқық алды.

«Schaeffler Technologies AG & Co. KG» компаниясының кассеталық мойынтіректерін дайындаушы-зауытының мамандарымен 2018 жылы технологиялық жабдықтың, техникалық құжаттаманың тексерілуі мен куәландырылылуы, сондай-ақ FAG маркалы кассеталық мойынтіректерді құрастыру/бөлшектеу құқығына «Қамқор Вагон» ЖШС «Қарағанды вагон жөндеу депосы» филиалының техникалық құзыретті және сәйкес келетін білікті персоналдың болуы тексерілді.
Осы тестілеу шеңберінде келесі талаптарды орындау бойынша ұсыныстар алынды:
- FAG маркалы кассеталық мойынтіректерді құрастыру/бөлшектеу жүргізуге арналған технологиялық процесті әзірлеу және бекіту бойынша.
- тартқыш жабдықтың көмегімен мойынтіректі бөлшектеу кезінде тіреуіш сақинасын орнату. Осылайша мойынтіректі нығыздау позициясында мойынтіректің ось мойынымен қатты түйісуі алынып тасталды, бұл соққы жүктемелерін, тірек және ішкі сақиналардың соғылуын, ось мойынының ықтимал зақымдануын болдырмайды.
- үш өлшемде ось мойнын өлшеуге арналған өлшеу құралын сатып алу бойынша.
- таза, құрғақ, кең, өңдеу станоктарынан, дәнекерлеу аппараттарынан, пневматикалық құралдардан қашықтықта орналасатын құрастыру/бөлшектеу әрекеттерін орындауға арналған жеке орынды қамтамасыз ету.
- 350 кN±20kN кассеталық мойынтіректерді құрастыру кезінде нығыздау күшін ГП-40МК суықтай нығыздау пресін құрастыру арқылы қамтамасыз ету үшін.
Жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуына жүргізілген бақылау тексерісінің нәтижелері бойынша «Schaeffler Technologies AG & Co. KG» Өкілдігімен Қазақстанда 2019 жылдың ақпан айында «Қамқор Вагон» ЖШС «Қарағанды вагон жөндеу депосы» филиалының Schaeffler Technologies AG & Co шығарған FAG F572061 TAROL-150/250-UC-TVP типті кассеталық мойынтіректерді сапалы құрастыру/бөлшектеуге сәйкестігі расталды.
Осы іс - шараларды орындау «Қамқор Вагон» ЖШС филиалына 12-9920 және 12-9941 модельдері инновациялық вагондармен пайдаланылатын Barber S-2M американдық моделіне ұқсас инновациялық арбалардың доңғалақ жұптары FAG типті кассеталық мойынтіректердің құрастыру- бөлшектеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.


← Бөлiмге өту