Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Отын қоймаларындағы өрт дабылы

12 қаңтар күні сағат 10.30-да «Қамқор Менеджмент» Бас директоры Диас Сүлейменовтың тапсырмасына сәйкес «ТЭК-КАЗАҚСТАН» ЖШС Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан 46 отын қоймасында Өрт дабылы хабарланған.

Оқу өрт дабылы «ТЭК-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС персоналы мен отын қоймаларының жабдықталуының өрттің салдарын жоюға және стандарттан тыс жағдайларға жол бермеуге дайындығын тексеру мақсатында Жоспардан тыс өртке қарсы оқуларды өткізуге бастама болды.

Бақылау мақсатында жоспардан тыс өртке қарсы оқуды өткізу бойынша Жедел штаб құрылып, оның басына «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директордың орынбасары Димаш Хасенов тағайындалды.

Тексеру оқулары нақты жағдайға неғұрлым жуықталған қарқын мен жағдайда өткізілген. Оқуға шамамен 500 жуық жұмыскер қатысқан, өрт ошағын анықтаған, өрт дабылы, эвакуация ережелері, өрт шыққан жағдайдағы басшылар мен жұмыскерлердің іс-әрекеті, хабар берудің практикалық сызбалары, өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру барысындағы қызметкерлердің әрекеті, алғашқы медициналық көмек көрсету әрекеттері қарастырылған, өрт жағдайындағы шығу жолдары т.б. тексерілген. Ауысымдағы персоналдан басқа оқуға қалалық және аудандық өрт қызметтері қатысып, өрт машиналары қолданылды, ағызу және автоқұю эстакадаларын көбікпен сөндіру қолданылған.

Сонымен қатар, видеожазба жасалып, оның негізінде жоспардан тыс оқу аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлық әрекеттері толық қарастырылып, отын қоймаларындағы өртке қарсы қауіпсіздігін әрі қарай жетілдіру шаралары әзірленді.

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобында өртке қарсы қауіпсіздік бойынша оқулар тұрақты негізде бекітілген кестеге сәйкес өңірлік ҚР ТЖ комитетінің өкілдерінің қатысуымен өткізіледі, сонымен қатар, жоспардан тыс оқулар мен кездейсоқ тексерістер өткізіледі және бұл өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.



← Бөлiмге өту