«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

Теміржол магистральдік желілерінің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

Теміржол магистральдік желілерінің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

Теміржол магистральдік желілерінің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

Теміржол магистральдік желілерінің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

«ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС

Теміржол магистральдік желілерінің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары

Компания туралы

Құрылған жылы: 2003 жыл, 9 қаңтар

Тиістілігі:  «Қамқор Менежмент» ЖШС еншілес құрылымы

Негізгі қызметі: Теміржол магистралдық желілерінің құрылысы, қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Міндеті: Теміржолды сапалы әрі уақытылы жөндеу жұмыстарымен қамту бойынша Қазақстан Республикасы жол шаруашылығының мұқтаждарын барынша қанағаттандыру, сонымен қатар жаңа теміржол желілерінің құрылысын жүзеге асыру

Қызмет көрсету аймақтары: Қызметтер Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тыс жерлерде көрсетіледі және көрсетілуі мүмкін

Қоғамның филиалдары:

  • «Бiрлiк» ЖМС (жол машина станциясы)
  • «Астана» ЖМС (жол машина станциясы)
  • «Шар» ЖМС (жол машина станциясы)
  • «Ақтөбе» ЖМС (жол машина станциясы)
  • «Ақтөбе» РДК (рельс дәнекерлеу кәсіпорны)
  • «БШЗ» — Біршоғыр шағылтас зауыты
  • СпецСтройМонтаж
  • Жол машиналарын жөндеу және сервистік қызмет көрсету жөніндегі Шу депосы 

Басқарудың орталық аппараты: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев к-сі, 10, «Изумрудный квартал» ӘҒ

«Теміржол жөндеу» ЖШС Бас директоры: Карсыбеков Искандир Серикович. Анықтама телефоны: 8(7172) 61-18-49

Сапа сертификаттары:

  • 2011 жылғы 22 тамыздан теміржолдың негізін салу құрылысына, теміржолдың жоғарғы құрылысына, теміржолдың күрделі жөндеу жұмыстарына және қайта құруға қолданылатын № KZ.7100943.07.03.01626 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар» СТ РК ИСО 9001–2009 Қазақстан Республикасының Стандартына сәйкестік Сертификаты;
  • 2011 жылғы 31 қазаннан тау-кен массасын, қиыршық тасын және кесек тасын шығаруға қолданылатын № KZ.7100943.07.03.00022 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар» СТ РК ИСО 9001–2009 Қазақстан Республикасының Стандартына сәйкестік Сертификаты («БШЗ» филиалы үшін);
  • 2011 жылғы 31 қазаннан ұзын өлшемді бунаққа рельстерді дәнекерлеуге, ескі жылдар рельстерін қайта жаңартуға қолданылатын № KZ.7100943.07.03.00021 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар» СТ РК ИСО 9001–2009 Қазақстан Республикасының Стандартына сәйкестік Сертификаты («Ақтөбе» РПК филиалы үшін).

Қызмет түрлері бойынша мемлекеттік лицензиялар:

  • Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге Мемлекеттік лицензия (ГСЛ № 011471);
  • Іздестіру қызметіне Мемлекеттік лицензия (ГСЛ № 0004729);
  • Жобалық қызметке Мемлекеттік лицензия (ГСЛ № 0004729);
  • Электр қуатын беру және бөлу қызмет түріне Мемлекеттік лицензия (№ 000701).

Жұмыс тәжірибесі:

«Теміржол жөндеу» ЖШС ашылу сәтінен бастап жыл сайын төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырады:

  • Жолдың 180 — 250 км көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары;
  • 450 000 тн. астам көлемінде қиыршық тасты шығару және өткізу;
  • Жолдың 300 км астам көлемінде ұзын өлшемді рельс бунақтарына рельстерді дәнекерлеу.

2003 жылдан бастап «Теміржол жөндеу» ЖШС филиалдарының ұжымы төмендегідей құрылыстарға қатысты:

  • 2003 жылы Хромтау-Алтынсарин учаскесі — 152 км жол төселді;
  • 2004–2005 жж. — Мақат — Қандыағаш учаскесіндегі теміржол разъездтері;
  • 2006–2007 жж. — Күлсары — Маңғыстау учаскесіндегі теміржол разъездтері;
  • 2010–2011 жж. Өзен — Түрікменстанмен Мемлекеттік шекара — 201 км жол төселіп, 7 бөлек пункт салынды.

Қызмет түрлері:

1) жолды қайта кұру, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды және жол шаруашылығындағы жұмыстардың өзге түрлерін ұйымдастыру және атқару; 

2) жаңа теміржол желілерінің құрылысы; 

3) ауыр жол машиналарының паркін, механизмдерді және жабдықтарды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу; 

4) жөндеу-құрылыс және монтаж-құрылыс жұмыстары; 

5) рельсшпала торын біріктіру, жолды бұру құрылғыларын құрастыру және төсеу, жолдың жоғарғы құрылысының бөлек компоненттерін ауыстыру (рельс желісі, рельс, шпала, бағана, жолды бұру құрылғысының бөлек бөлшектері, рельс бекітулері, жолды өту төсеніштері және т.б.); 

6) ауыр жол техникасының қызметтерін ұсыну; 

7) құрылысы жаңа теміржол желілерінде жүргізіліп жатқан телімдердегі көліктік қызметтер; 

8) жолдың жоғарғы құрылысы материалдарының және меншікті жылжымалы құраммен сусымалы жүктер тасымалы; 

9) тиеу-түсіру жұмыстары; 

10) жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын сұрыптау мен қоймалауға арналған өндірістік база қызметтері; 

11) жол машиналарының күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарының өндірісі, автотракторлық техниканы, дизель қозғалтқыштары және шағын механизация құралдарын жөндеу; 

12) электрқозғалтқыштарының күрделі жөндеу жұмыстары, жолға қажетті құрал-саймандарды және рельс біріктірулерін жасау; 

13) рельстерді тегістеу, крестовиналар мен рельс шеттерін балқыту, біріктірулерді және рельстерді түйіспейтін жүйелерге дәнекерлеу, теңестіру, инвентарлық рельстерді жасау, рельстерді кесу, сонымен қатар рельстерде саңылауларды бұрғылау жөніндегі жұмыстар өндірісі; 

14) ескіжарамды рельстерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар өндірісі; 

15) жер қойнауын пайдалануға қатысты жасалған келісімшарттарға сәйкес диабаздарды өндіру; 

16) теміржолдың, автомобиль жолдары мен құрылыстың балласт қабатына арналған шағылтас өндірісі; 

17) шағылтас, кесектас және топырақты материалдар өндірісімен және/немесе қайта өңдеумен байланысты қызметтерді көрсету; 

18) құрылысқа арналған жобалық жұмыстарды жүргізу; 

19) қала құрылысының құжаттамасын әзірлеу; 

20) құрылысқа арналған зерттеу жұмыстарын жүргізу; 

21) мұрағаттарды, мұрағаттық қорларды, топтамаларды қалыптастырумен, құрумен, оларды сақтаумен және пайдаланумен байланысты қызметтер, ведомстволық мұрағат қызметтері; 

22) пойыздардың қозғалысы жүзеге асырылатын теміржолдардың санатына қарамастан теміржол желілерінде орналасқан теміржолдарды, ғимараттардың құрылыс конструкцияларын, жасанды құрылыстарды (көпірлер, жол құбырлары, экстакадалар, виадуктар, үңгіртаулар, су өткізу құбырлары, науалар, галереялар және т.б.) техникалық тексеру, диагностикалау және бағалау; 

23) жасанды құрылыстарды жобалау және жөндеу, қайта құру, құрылысын жүргізу; 

24) жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу; 

25) қар, жел және топырақ дуалдарын, мал қоршауларын күрделі жөндеу; 

26) жол өткелдерін күрделі жөндеу; 

27) теміржолдарды ағымдағы ұстау және қызмет көрсету; 

28) жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолдарын ұсыну жөніндегі қызметтер; 

29) электр қуатын беру және бөлу; 

30) автомобиль жолдарының құрылысын жүргізу, қайта құру және жөндеу; 

31) тікұшақ қызметтері.