«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 10-нан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 10-нан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады

Даму стратегиясы

«Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС (бұдан әрі — ҚЖК компаниясы) 2020 жылдарға дейінгі мерзімге арналған Компанияның ұзақ мерзімді даму бағыттарын айқындайтын және негізгі басшылыққа алатын стратегиялық құжаты (бұдан әрі — Стратегия) болып табылады.

Құжат — Мемлекет, «Самұрық — Қазына» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, жеке меншік қатысушылары (акционерлер), Компания менеджменті негізгі ықпал етуші топтарының талаптарына сәйкес дайындалған.

Құжат Компания менеджерлерінің, Strategy Partners және CMS (Германия) кеңесшілерінің бірлескен жұмыс қорытындысының нәтижесі болып табылады.

Құжат:

  • Strategy Partners кеңесшілері Компанияның стратегиялық талдауы шеңберінде басты топтармен сұхбат жүргізу арқылы, сондай -ақ Қомпанияның ағымдағы қызметі мен дамуы бөлігінде әртүрлі сыртқы және ішкі құжаттарының талдауы;
  • Бірқатар деполардың тиімді операциялық талдауы;
  • Компания менеджерлерінің қатысуымен стратегиялық сессия;
  • Компанияның 2020 жылғы кезеңіне дейінгі қызметінің қаржыландыру моделі негізінде дайындалды.

Жоғарыда аталған негізінде ҚЖК мынадай миссия мен бағыттарды көздейді.

Миссия — тұтынушыға жылжымалы құрамды және темір жолды жөндеу саласында жоғары-деңгейде қызмет көрсету.

Бағыты: Компанияның мақсатты бизнес моделін үш бөлікте сипаттау:

жылжымалы құрам және темір жол жөндеу мен инфрақұрылымның негізгі бизнесінде жаңа қызмет көрсету сервистерін ұсыну т.б.

  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тиімді әріптестігі контракция жай -күйін жақсартады және екі жақты тәуекелді төмендетеді;
  • локомотив паркін жаңа сервистік қызмет көрсетуге көшіру;
  • жылжымалы құрамның жөндеу сапасын арттыру: цистерна, арнайы жылжымалы құрам;
  • ҚТЖ өзіне серіктестік етіп белгілейтін компаниялармен бірлесіп орталықтандырылған диспетчерлік орталықтар мен байланыс саласына қызмет көрсету;
  • жүк вагондарының өндірісі;
  • электр монтаждау поезд құрастыру;
  • Ұйымдастыру құрылымы және басқару жүйесі бөлігінде- синергетикалық бизнеспен байланысты тиімді стратегиялық портфелімен холдинг;
  • мақсатты бағытына тиісті бизнес потрфелімен ҚТЖ холдинг құрамында бөлек субхолдинг;
  • корпоративтік орталық ойын ережесін, бизнес бірлігінің қызметін белгілейтін стратегиялық холдинг қағидаларында басқару;
  • бизнес түрлерінің және бизнес — бірлік басшысының жеке жауапкершілігіне бағытталған нәтижелері бойынша басқару жүйесі;
  • машина жасау сегментінде үздік адам капиталы; нарық нәтижесіне және дұрыс жолға қойылған бизнес- үдерісіне бағытталған корпоративтік мәдениет.

Мақсаты — көрсетілетін қызмет сапасын жетілдіру арқылы жиынтық капиталының құнын өсіру.

Компания алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындауды көздейді:

  • қолданыстағы бизнестің моделін дамыту;
  • бизнестің көздерін ашу (диверсификация)
  • ұйымдастыру моделі мен басқару жүйесін ықшамдау.

«Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС ҚТЖ саласына локомотив жөндеу бойынша бір қатар қызмет түрлерін ұсынады. Топ құрамына енген компаниялар арасындағы қолданыстағы синергетикалық байланысты кең көлемде іске асыруға мүмкіндіқ туғызады және екі жақтың тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.

2020 жылдарға дейінгі мерзімге арналған Компанияның ұзақ мерзімді даму стратегиясымен белгіленген ҚЖК стратегиялық басымдықтары ықпалды басты топтарының стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді.

  • Мемлекет техникалық, технологиялық және озінің сегментінде басқару көшбасшылыққа бағытылған бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын еспеке ала отырып, еңбек өнімділігін арттыру бойынша бәсекелестікке қабілетті компания құрады.
  • «Самұрық — Қазына» АҚ басқару, техникалық, технологиялық саласында жаңаланған технологияға көшуді көздейді (Қор басты басымдықтарының бірі);
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сервистік қызмет көрсету бөлігінде жоғары сапалы маңызды және тәуекелділік жеткілікті-деңгейде бағаның өсуін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді және сенімді серіктестікті қалыптасыру;

Компания менеджменті жаңа нарық жағдайында Компанияның жаңалау бизнес- моделін қалыптастыруға жағдай туғызады және жаңа сегменттегі бизнес пен қолданыстағы кәсібилікті тез арада өсіру мімкіндігін қамтамасыз етеді.