«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін, әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 9–дан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін, әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 9–дан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады.

Сапа саласындағы саясат

Сапа саласындағы саясат, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және еңбек қауіпсіздігі сақтау


 

«Қамқор Менеджмент» ЖШС жоғарғы басшылығы интеграцияланған менеджмент жүйесінің талаптары халықаралық стандартқа сай маңызды құжат болып табылады және Компанияның қазақстан нарығындағы динамикалық түрде дамуына, біздің қызметтерді тұтынушының сеніміне ие болуына ықпал етеді.

Саясаттың басты бағыты – тұтынушының толық қанағаттануы және интеграцияланған менеджмент жүйесі бойынша нәтижесін тұрақты арттыруды қамтамасыз ету.

Біз темір жол саласында жылжымалы құрамын өндірісте майлау материалдары мен қауіпті механизмдерді қолдану арқылы жөндеуді қамтамасыз етеміз.

Біздің Стратегия - еншілес ұйымдардың оптималды ресурстарын пайдалана отырып, өндірістік-қаржылық міндеттеріне сәйкес стратегиялық басымдықтарды дамытуын қамтамасыз ету. Қызметкерлердің құқықтық, экономикалық, әкімшілік-ұйымдастыру жағдайларын және моральдық-психолгоиялық климатын сақтау үшін жағдай туғызу, шығармашылық- кәсіби бағытта өзін-өзі жетілдіру, бизнес бағыттары бойынша әріптестерімен ашық және өзара сенімдік орнату арқылы жұмыстарын ұйымдастыру.

Біздің миссия –қоршаған ортаға, және өз жұмысшыларымыздың денсаулығына зиян келтірмей жұмысты орындау. Қазіргі және болашақ жеткіншектер алдында өз жауапкершілігімізді сезінеміз.

Біздің миссияны іске асыру үшін:

- қаржылық, материалдық және ақпараттық ресурстарды тиімді қолдану;

- ұсынылатын қызметтердің спектірін кеңейту және оны тұрақты түрде жетілдіру;

- компания қызметі бойынша талдау жасау арқылы басқарушылық шешімді қабылдау;

- кез-келген туындайтын мәселелердің алдын-алу және оларға жол бермеу;

- мердігерлік ұйымдардың жұмыс сапасына жауапкершілікпен қарау, контракт бойынша мінсіз жұмыстары үшін жауапты болу;

- тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру - еңбек қауіпсіздігі және экологиялық аспектілерін дамыту;

- қоршаған ортаны ластаудан қорғау мақсатында жұмыстар ұйымдастыру;

- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын-ала жұмыстар ұйымдастыру;

- ресурстарды тиімді пайдалану қағидасын басшылыққа алу;

- еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау;

Біздің миссияны іске асыру жолдары:

- қызметкерлердің орындаушылық тәртіптерін және іскерлік мәдениетін қалыптастыру және олардың Тапсырыс беруші өкілдерімен мейрімділік пен түсіністік қатынастарын орнату;

- пайдаланатын өнімдерге жоғары талап қою және жеткізушілермен тиісті жұмыстар ұйымдастыру;

- Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің әрқайсысына жоғары тиімді басқару сапасына талап қоя білу;

- табиғи қорғау қызметінің жедел басқаруын қамтамасыз ету;

- инвестициялық жобалардың экологиялық талаптарын барлық кезеңдерінде оның іске асыруын бақылау;

- темір жол саласында талап етілетін қауіпсіздік еңбек жағдайын сақтау;

- қауіпсіз жұмыс деңгейін арттыру бойынша бағдарламаларды әзірлеу және орындау, қоршаған ортаға ықпал етуін төмендету;

- қызметкерлердің сауықтыруына бағытталған сапалы медициналық көмек көрсету;

- жазатайым оқиғалардың алдын-алу және оқиғаларды төмендету үшін заманауи тәуекел менеджмент енгізу;

- қауіпсіздік жұмыстарын қалыптастыру үшін үнемі оқыту;

- төтенше жағдайлары бойынша мемлекеттік органдарымен апатты жұмыстарының алдын-алу жедел жұмыстарын ұйымдастыру және оларға жол берілген жағдайларында персоналдың ұйымдастыру жұмыстары;

- қоршаған орта және экологиялық қауіпсіздігі жағдайлары туралы дұрыс ақпараттарды алу бойынша азаматтардың құқықтарын сақтау;

- жұмыс барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша персоналдың белсенді қатысуын ұйымдастыру.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС-ның 2018 жылға арналған сапа саласындағы мақсаты

  1. Жүк вагондарының жөндеу жұмыстарының сапасы коэффициенттерін 2017 жылға қарағанда 2%-ға жақсарту.
  2. 01.07.2018ж. дейін «Аягөз вагон жөндеу депосы» және «Павлодар вагон жөндеу депосы» филиалдарында кассеталық мойынтіректі монтаждау және бөлшектеу жұмыстарына сертификат алуды қамтамасыз ету.
  3. Теміржолдарды сапалы күрделі жөндеуден өткізуді жасалған шарт көлемінде 100% қамтамасыз ету.
  4. 2018 жылдың соңына дейін Республикалық маңызы бар «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы 0-85км» автомобиль жолының реконструкцияланатын нысаны бойынша, жабынның жоғарғы беті қабатын салмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды қамтамасыз ету.
  5. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2ТЭ10МК (ВК) жаңартылған тепловоздардың дайындығы пайызын 2017 жылға қарағанда 1%-ға арттыру.
  6. 2018 жылдың соңында Астана локомотив жөндеу депосы базасындағы цехтардың 3 бөлімінде ұқыпты өндіру бойынша пилоттық жобаны енгізу.
  7. 2018 жыл ішінде мамандандырылған жылжымалы құрамға техникалық (сервистік) қызмет көрсету бойынша шарт жасауды қамтамасыз ету.
  8. Әлеуметтік және басқа да нысандардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өңірлерге 340 мың тонна көмір жеткізуді қамтамасыз ету.
  9. Кем дегенде 350 млн. теңге сомасына ыдыстарды (ЖЖМ сақтау үшін) жалға беру қызметін ұсыну.
  10. 2018 жылдың сәуір айынан бастап кем дегенде 73,4 млрд. теңгеге «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» ҰК АҚ-ның дизельдік отын бойынша қажеттілігін 100% қанағаттандыру.
  11. 2018 жылдың сәуір айынан бастап, қайта өңдеушілермен тікелей шарт жасау тәсілімен дизельдік отын сатып алуды қамтамасыз ету.   
  12. Сатып алудың жалпы көлемінен Зауыт-дайындаушылармен (оның ішінде ресми өкілдермен) тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу шартының 50% үлесін қамтамасыз ету.
  13. 2017 жылға қарағанда ТРУ (маркетинг, сатып алу процедуралары, шарттарды орындау) сатып алуды жүзеге асыру барысында кем дегенде 5% үнемдеуді қамтамасыз ету.
  14. 2018 жылдың 01 шілдесіне дейін Теміржол көлігі саласында жүк тасымалдауға және жүкті  «Тасымалдаушы» мәртебесінде тасымалдау қызметін көрсету мақсатында ХТО лицензиясын алу.
  15. 2018 жыл 15 сәуірге дейін «CSR Цынзянь локомотив құрастыру зауыты» (ҚХР) өндірісінің тепловоздары үшін қосалқы бөлшектерді кедендік одақ аумағы бойынша жеткізуге диллерлік келісімге қол қою.
  16. 2018 жылдың II тоқсанында химия-технологиялық зертханаларының қызметі аясын кеңейту: Ақтөбе, Астана, Аягөз, Қазалы, Қарағанды, Макат, Сексеуіл, Тараз, Шалқар, Шу.
  17. 01.10.2018ж. дейін сомасы 54000 мың теңгеге «Қамқор Вагон» ЖШС-ның саны 1 дана технологиялық жабдығына және 31.12.2018ж. дейін, ҚҚС қоса есептегенде жалпы сомасы 20 160 мың теңгеге «Теміржол жөндеу» ЖШС-ның саны 2 дана мосылық крандарына күрделі жөндеу  жүргізу.
  18. 01.12.2018ж. дейін «Қамқор Менеджмент» ЖШС ЕҰ-ның 1200 қызметкерін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, бұл оқытуға жататын қызметкерлердің жалпы санының 50%-ын құрайды.   
  19. Қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды лақтыру көлемін 7%-ға төмендету.
  20. Жарақаттану жиілігі коэффициентін 0,96 артық емес деңгейде қамтамасыз ету.
  21. Энергия тиімділігін арттыру және ISO 50001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды 3%-ға төмендетуді қамтамасыз ету.

Бас директор

Д. Сүлейменов