«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 10-нан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 10-нан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады

Компания туралы

«Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 9-дан астам кәсіпорынды біріктіріп отырған және он мыңнан астам жұмыскер еңбек ететін көп салалы холдинг болып табылады. Бүгінгі күні Холдинг темір жол көлігі саласында жөндеу, сервис және модернизациялау бойынша басымдық қызмет көрсетіп отырған белгілі компания болып танылады.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • локомотивтер мен арнайы жылжымалы құрамды жөндеу, модернизациялау және сервистік қызмет көрсету («Қамқор Локомотив» ЖШС);
  • вагондарды жөндеу («Қамқор Вагон» ЖШС);
  • жөндеу және жол құрылысы («Теміржол жөндеу» ЖШС);
  • темір жол автоматикасы, телемеханика мен байланыс жүйесіне жөндеу және орнату қызметтерін көрсету («Kamkor engineering» ЖШС);
  • электр энергиясын іске асыру («Теміржолэнерго» ЖШС);
  • тартымды локомотив қызметтерін ұсыну («Локомотив 2030» ЖШС);
  • арнайы зерттеу (техникалық диагностикалау) және қазандық бақылау мен жүкөтеру механизмдерінің объектілерін жөндеу («Kamkor Service» ЖШС).

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Локомотив» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, сондай-ақ ірі отандық және шетелдік компаниялары Холдинг құрамына кіретін кәсіпорынның басты серіктестіктері болып табылады.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС темір жол инфрақұрылымын және темір жол жылжымалы құрамын жөндеу саласында тұтынушыларға қызмет түрлерін көрсетеді.

Республикадағы жүргізіліп отырған саясат еліміздің индустриализациялауын, шикізат секторымен байланысты емес экономика саласын күшейтуді, озық технологиялардың трансферттерін болжауды және шетелдік инвесторларды тартуды көздейді. «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобы осы бағытты ұстануда. Бұл компанияның стратегиялық құжаттарында және өндірісті диверсификациялау, қолданыстағы бизнесті дамыту, ұйымдастыру моделі мен басқару жүйесін оңтайландыру бойынша біздің ұстанып отырған саясатта белгіленген.

2020 жылға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарлама Қамқор тобының дамуын корпоративтік орталық ретінде «Қамқор Менеджмент» ЖШС қатысуымен бұл өз ретінде, холдинг қатысушыларымен (акционерлер) бірлесе отырып капитализациясын ұлғайту және бәсекелестікке қабілетті болу мақсаттарын көздей отырып, отандық экономиканы сапалы қызмет және өніммен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау арқылы сату рыногына сонымен қатар әлемдік рынокқа шығуды көздейді.

Өндірістік жағдайды жан-жақты талдау, басқару шешімді қабылдау, алдын-алу, бекіту және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды қабылдау және өндеу мақсатында «Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оның ерекше мүліктіқ құқығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі комитетінде тіркеліп, «СЕРВИС» Ақпараттық жүйесі» бағдарламасы құрылды.

«СЕРВИС» ақпараттық жүйесі «Қамқор Менеджмент» ЖШС орталық аппаратының диспетчерлік қызметінің серверінде деректерді беру және оларды сапалы өткізу, жұмыс түрлерінің бөлігінде сервистік қызмет көрсету бойынша технологиялық параметрлерінің электрондық есебі болып табылады. Аталған бағдарлама «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырған үздік инновациялық жобалар және рационализаторлық ұсыныстар салалық форумында ең үздік ғылыми-техникалық бағдарлама болып танылды.

2017 жылғы  14 маусымнан бастап Сүлейменов Диас Тулеутайұлы «Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директоры қызметін атқарады