«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін, әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 9–дан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС

«Қамқор Менеджмент» ЖШС он мыңнан астам адам тиімді еңбек ететін, әрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша 9–дан астам кәсіпорынды біріктіретін көп салалы холдинг болып табылады.

Біздің тарихымыз

«Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы - «Ақтөбе локомотив жөндеу депосы»

ХХ ғасырдың басындағы алғашқы кәсіпорындардың бірі — Ақтөбе локомотив депосы 1903 жылы құрылған. Ақтөбе даласы арқылы өткен, болат магистралінің құрылысы, Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысымен байланысты. Бұл учаскедегі пойыздар жүрісінің басталуы № 11 және № 12 екі тауарлар пойыздары Орынбор мен, Ақтөбе стансалары арасындағы жол қатынасы 1903 жылғы 5 қазаннан басталады.

1904 жылғы 2 қаңтардан бастап, Орынбор- Қазалы учаскелерінде Орынбор-Ташкент темір жолының солтүстік бөлігі бойынша жолаушылар, жүк және багаждар тасымалдаумен пойыздар жүрісі ашылды, бұл — Қазақстан темір жол жүйесінің негізгі құрылған кез деп саналады. Ташкент темір жолы, Ақтөбе уезі, Ақтөбе стансасындағы паровоз депосы 20-шы жылдары жұмысшы классы шоғырланған, қаланың өнеркәсіп үлгісіндегі негізгі кәсіпорының бірі болып танылған.

Паровоз Ов
1903 ж. 1925 ж. дейін            

Паровоз У-127 
1909 ж. 1925 ж. дейін 
Паровоз Э
1930 ж. 1940 ж. дейін            


Паровоз паркі, жолаушылар тасымалдауға арналған — Нв және У сериялы және шаруашылық жүктерді тасымалдауға арналған Ов сериялы паровоздардан және өзінің тіркемелі паркінен құрылған. Депо паровоздарды жөндеу және, ағымдағы жөндеуге арналған екі ғимараттан құрылды. Депо пеш арқылы жылыған. Механикалық цехы депоның ғимаратынан бөлек болған. Механикалық цехпен бірге ұстахана болған, онда паровоздарға арналған барлық артық бөлшектер дайындалған. Вагондар ашық аспан астында жөнделген, қос доңғалақтар механикалық цехта қайралған. Депода электр жарығы болмаған, керосинді шам жарығымен жұмыс істеген, жұмыстан соң жуынып, киім ауыстыратын орындар болмаған. Паровоздарды жылытуға отын жетіспеген. Паровоздардың кейбір бөлігі күнбағыс майы мен Арал теңізінен алып келінген кепкен балықтармен жылытылған. Осыған қарамастан, Ақтөбе локомотив жұмысшылары барлық күштерін салып аянбай еңбек етті. Осында жағдайға қарамастан жұмысшылар сол кезде жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген.

Паровоз ФД
1935 ж. 1948 ж. дейін            

Паровоз Су
1935 ж. 1955 ж. дейін              

Паровоз СО
1937 ж. 1955 ж. дейін            

1925 жылдан бастап Ов паровоздары Фчб сериялы4 -цилиндірлі паровоздарға, ал жолаушы паровоздары Уусер. және Нв сериясы Б серияларына ауыстырылған. Фчб сериялы паровоздар жөндеуде өте қиын болған,1930 жылы оларды Э сериялы паровоздарға барлық индекстері ауыстырылған, ал 1935 жылдан бастап жолаушылар тасымалдайтын Б сериялы паровоздары Су сериялы аса мықты паровоздарға ауыстырылған. 1937 жылы паровоздардың жүк паркі сол кездегі аса мықты жетілдірілген бу қосылған «СО» сериялы паровоздарға ауыстырылған. Бұл паровоздар Ұлы Отан Соғысының аяғына дейін жұмыс істеген.

ТЕПЛОВОЗ ЖЕТЕК КҮШІНЕ АУЫСУ

Соғыстан кейінгі жылдары елімізде паровоз жетек күші жаппай тепловозға ауысу шешімі қабылданған болатын.

Ақтөбе депосы «СО» сериялы бумен қосылатын паровоздардар бусыз қосылатын паровоздарға ауыстырылған, 1955–1958 жылдардан бастап қуаттылығы 2000 ат күшіндегі ТЭ2 тепловоз сериялары іске қосылды.

1955 жылдың аяғында Су сериялы жолаушы паровоздары көрші Ембі депосынан берілген ТЭ2 сериялы тепловоздарына ауыстырылды.

Осы кезде Ембі депосы, 1950 жылы, тепловоз жетек күшіне толығымен көшкен. Соңғы жылдары локомотивтердің жүк паркі ТЭ3, 2ТЭ10Л, 2ТЭ10В, 2ТЭ10 М, 2ТЭ10УТ тепловоздарына ауыстырылды.

1966 жылы темір жолда жолаушылар тасымалдайтын ТЭП10Л сериялы 1-секциялы тепловоздары пайда болған, олар Арыс депо тізімінде тіркелген, Арыстан бастап Илецк тармағына дейін қатынайтын болған. Ембі-Илецк учаскесінде оларғақтөбелік локомотив бригадараларымен қызмет көрсетілген.

1967 жылы оңтүстік және солтүстік учаскелерінде климаттық жағдайдың бірыңғай еместігінен арыстың жолаушылар тасымалдайтын тепловоз паркі бөлініп оның бір бөлігі, Ақтөбе депосының тізіміне берілген. Ақтөбенің жолаушылар тасымалдайтын тепловоздары Сексеуіл ст. бастап Илецк ст. дейінгі учаскелерне қатынайтын болған. Сексеуілден бастап Ембіге дейін шалқар локомотившілерімен, ал Ембіден бастап Илецкіге дейін — ақтөбелік локомотившілермен қызмет көрсетілген.

№ 142 ТЭПЛ тепловозы бірінші жолаушы тепловозы, Ақтөбе депосына 1966 жылы тамыз айында келген. Алғашқыда ол локомотив бригадаларымен оқып -үйренуге арналған эскпонат болған, содан кейін, Ақтөбе депосы паркінің құрамына берілген.

1970–1980 жылдары, Ақтөбе депосының локомотив паркі толығымен 2ТЭ10В, М, У сериялы тепловоздармен жаңартылған.

1950 жылдан бастап, депоның тепловоз жетек күшіне ауысқан кезінен бастап сонымен бірге соңғы жылдары депо үздіксіз жаңартылған, бүгінгі күні ол өзінің кейпін түгелдей өзгерткен.

Соғыс жылдары депоның дамуына депо бастығы болып жұмыс істеген Малофеев — паровоз депосының алғашқы бастығы, — Тизенгаузен В.Б., Ковакин Ф.Г., Чекурин В.И., Тыщенко А.П., Захаров В.К., Картамышев В., Лебедев Г.Г., Перемышев В.Ф., Макуха В.В., Жаманқұлов С.Б., Книязев Н.М., Сокол В.И., Бисембаев М.Н., Дарбаев Д.К., Медеубаев М.Ж., Әлмаханов Қ.А. осы өлкенің азаматтары үлкен үлестерін қосқан.

Жұмысшылардың локомотив саласының білікті мамандарының еңбектерінің арқасында, Ақтөбе депосы қазіргі кездегі ең мықты темір жол кәсіпордарына айналды.

«ТЭ1» алғашқы тепловоз сериялары: Тепловозда МПТ-84/39 (620 кВт) жетек күшті генератор, ДК-304Б (98 кВт) электр қозғалтқыш жетек күші қолданылған. Тепловоздың салмағы отын қоймасымен, сумен, май және құммен 123,9 тонна құрады. Жетек күштің ұзақтығы жылдамдық кезінде 16шақ/сағ-16000 кгс, максималды жылдамдығы 90 шақ/сағ. Тепловоздар 1947 жылдан бастап 1950 жылға дейін 300 тепловоз шығарылған, ТЭ5 (ТЭ1 варианты аса қатты климаттық жағдайларға арналған).



«ТЭ2» сериясындағы тепловоздар: 1948 жылдың желтоқсан айында Харьков қаласында ТЭ2 алғашқы жүйелі тепловозы шығарылған болатын. Локомотивтің әр секциясы дизель-генераторлық құрылғысымен (Д50 дизелі және МПТ-84/39 генераторы) жабдықталды. Тепловоз секциясы екібілікті екі арбаға тірелді. Дизель қуаттылығы – 1000 л.с. Күш электр қозғалтқышының қуаттылығы – 152 кВт. Конструкциялық жылдамдығы – сағ. 93 км. ТЭ2 сериясындағы тепловоздардың ұзақ тәртібінің күші 22 тоннаны, ал ұзақ тәртібінің жылдамдығы сағ. 17 км. құрады. Зауытта аталмыш тепловоздардың шығарылуы 1955 жылға дейін созылып, осы уақыт аралығында 528 бірлік құрастырылды.



«ТЭ3» сериясындағы тепловоздар: алғашқы сериялық тепловоз Харьков қаласында 1955 жылы шығарылған болатын. Дизельдің ном. қуаттылығы 2000 л.с. теңелді. Ном. қуаттылығы 1350 кВт тең МПТ-99/47 күш генераторы (V=550 В, I=2455, А, max V=820 В) ном. қуаттылығы 206 кВт тең 6 ТЭД ЭДТ-200А жабдықталды, (V=275 В, I=815, А, зәкір айналуының барынша жиілігі мин. 2200 айналым). Электр қозғалтқыштары дәйекті екі-екіден үш параллель топқа біріктірілді. ТЭ3 тепловозының отын қоры 2*5440 кг, май қоры 2*1400 кг, су қоры 2*800 л, ал құм қоры 2*400 кг құрады. Толық массасы – 2*126т. Сағ. 20 км кезіндегі күш ұзақтығы 2*20200 кгс, конструкциялық жылдамдығы сағ. 100 км, конструкциялық жылдамдықтағы күш 2*2600 кгс. Бүгінгі уақытта ТЭ3 тепловоздары ТМД темір жолдарының бірқатар деполарында шаруашылық жұмыстар үшін қолданылуда. Бұнымен қатар, тепловоздар өндірістік объекттер де кеңінен пайдаланылып жүр.

«ТЭП10» сериясындағы тепловоздар: Тепловоз Харьков көліктік машина жасау зауытында 1960 жылдан бастап шығарыла бастады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ТЭП10 тепловоздары ауыр жолаушылар пойыздарын жүргізуге арналды. Конструкциялық жылдамдығы сағ. 140 км теңелетін аталмыш тепловоздарды Харьков зауыты 1961-1968жж. аралығында жасап шығарды. Дизель қуаттылығы – 3000 л.с. Аталмыш сериядағы тепловоздардың жалпы шығарылған саны – 335.



«2ТЭ10Л» сериясындағы тепловоздар: Отын және құм қорлары 2×6300 кг және сәйкесінше 2×1000 кг дейін өсті. Қызметтік массасы 2×127,8 т. құрады. Ұзақ тәртіп жылдамдығы – сағ. 24 км, конструкциялық жылдамдық – сағ. 100 км. Аталмыш тепловоздарды шығару барысында электрлік кестелермен, ТЭДЭД-104А ЭД-107 ауысумен, содан кейін ЭД-118А ауысумен («Электротяжмаш» Харьков зауытының өндірісі), доңғалақтардың, кабиналардың және т.б. құрылғыларын өзгертумен байланысты көптеген өзгертулер енгізілді. 2ТЭ10Л сериясындағы тепловоздар 1977 жылға дейін шығарылды. Жалпы 3192 тепловоз жинақталған болатын.


«2ТЭ10В», «М», «У» сериясындағы тепловоздар: 1975 жылы Ворошилов зауыты (осылай бұл уақытта Луганский зауыты атала бастады) 2ТЭ10Л тепловоздарын шығарумен қатар 2ТЭ10 — 2ТЭ10В сияқты тепловоздардың жаңа үлгісін құрастыра бастады. Жаңа тепловоздың негізгі тораптары 2ТЭ10Л сериясындағы тепловоздарға ұқсас болды. Жақсыз арбалар, басқару кабиналары және машинист контроллері 2ТЭ116 сериясындағы тепловоздармен бір қалыпқа салынды. Күш электр қозғалтқыштарына Д-118А сериясы орнатылды. Жаңа тепловоздың қызметтік жағдайдағы массасы, теңдестірудің арқасында, 2×138 т. дейін артты. Ұзақ тәртіптегі күш пен жылдамдық (сағ. 24,7 км) редуктордың 75:17 өткізгіш санымен 2ТЭ10Л сериясындағы тепловоздарға ұқсас болды. Конструкциялық жылдамдығы сағ. 100 км құрады.

2ТЭ10В тепловозы

2ТЭ10М тепловозы 

2ТЭ10У тепловозы


1997 жыл. 2ТЭ10 тепловоздарын үлгілендіру — Басы

1997 жылы бұрынғы Алматы және Батыс Қазақстан темір жолдары басшылығының шешіміне сәйкес, америкалық «Дженерал электрик» (GE) фирмасының 7FDL — 12 түріндегі дизель-генераторларының құрылғысымен 2ТЭ10 М тепловоздарын үлгілендіру шешімі қабылданған болатын.

Солай, Ақтөбе локомотив депосы тізіміндегі 2ТЭ10 М- 0736А тепловозы мұхит арқылы, АҚШ Пенсильвания темір жолының Эри қаласына жеткізілді.

GE фирмасының зауытында техникалық құжаттама жасалып, жинақтамаға кіретін барлық көмекші жабдықтармен жаңа дизель-генераторы орнатылды. Үлгілендірілген тепловозға 2ТЭ10 МК индексі берілді.

2ТЭ10 МК -0736А жаңартылған тепловозының оралуынан кейін, Ақтөбе депосында арнайы мамандандырылған бригада құрылған болатын.

Тепловоздарды үлгілендіру өндірісін ұйымдастыру шараларына депоның үздік деген темір ұсталары қатысты. Олар: аталмыш депоның аға маманы, Қазақстан көлігінің еңбек сіңірген еңбеккері, «Құрметті теміржолшы» Молдованов Анатолий Петрович; эксперименттік бригаданың темір ұстасы Степанченко Вячеслав Юрьевич; газ электр дәнекерлеушісі Өтемағамбетов Д.Х., электрші-темір ұстасы Агеев В.Н., шебер Выгоняйло А.А. және тағы басқалары.

Аталған мамандандырылған бригада қолымен 1998 жылы 2ТЭ10 МК-0736Б және 2ТЭ10 МК-0735А сериясындағы екі тепловозды үлгілендіру жұмыстары сәтті өткізіліп, реостаттық сынаулардан кейін олар пайдалануға берілді.

№0736 тепловоз секциясын АҚШ-ына
тасымалдау – трассада

№0736 тепловоз секциясын АҚШ-ына
тасымалдау – трассада

7FDL-12 дизелімен тепловозды үлгілендіру, пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі жалпы басшылықты сол уақытта Батыс Қазақстан темір жолы жанындағы локомотив шаруашылығы қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған, бүгінде, Ақтөбе қ. «Жорға-РД» ЖШС директоры Балымов Ахметбек Сәрсенғалиұлы мен, Ақтөбе локомотив депосының бұрынғы бастығы Медеубаев Марат Жолдыұлы жүргізді.

1999 жылы, Ақтөбе локомотив депосының үлгілендірілген тепловоздар паркі Шу локомотив депосында үлгілендіру шараларынан өткен 2ТЭ10 МК-3475АБ, 5081А, 0093А тепловоздарымен толықты.

№0736 тепловозы Эри қ. зауыттында

2ТЭ10М жаңа 7FDL дизелі орнатылуда
7FDL дизелімен 2ТЭ10МК-0736АБ Ақтөбеде


2004 жыл. Тепловоздарды үлгілендіру

Ақтөбе локомотив депосының іргетасы 1903 жылы қаланса, 2003 жылы депо өзінің 100-жылдық мерейтойын атап өтті. 2001 жылы кәсіпорын бөлек жөндеу локомотив депосы ретінде қайта құрылып, 2002 жылы «Жорға-РД» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деген жаңа атауына ие болды. 2010 жылы «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Ақтөбе локомотив жөндеу депосына ауыстырылды.

2001 жылы Ақтөбе локомотив жөндеу депосы «ҚТЖ» РМК кәсіпорындары арасында ұйымдастырылған жарысқа қатысып, І-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

2004 жылы қызмет мерзімін ұзарту мақсатымен 2ТЭ10 МК сериясындағы тепловоздарға бүкіл Батыс Қазақстан аймағының локомотив паркін жоспарлы түрде жаңарту шаралары басталды. Локомотив шаруашылығында үлгілендіру деп аталатын жаңарту шараларының аталмыш процессі 2004 жылдың қаңтар айында осы жұмыстар үшін жөндеу базасына лайықты бірқатар деполарда басталған болатын.

2003 жылдың 11 қазаны мен 11 желтоқсаны аралығында Шу депосында өткізілген өндірістік жарыстардың қорытындылары бойынша, «таңдалғандардың" ішінде «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосы да болып, 2004 жылдың мамыр айында депо іргесінен, Ақтөбеде алғаш үлгілендірілген № 0079 локомотиві шықты.

Үлгілендіру шараларының бірінші кезеңі (бірінші кезең — шанақ түріндегі локомотивтер, екінші кезең — модульдік түріндегі локомотивтер) қорытындылары бойынша, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосы үлгілендірудің екінші кезеңінің сынап көру шаралары өткізілетін жөндеу депосы ретінде таңдалды. Солай, 2005 жылдың соңғы шенінде, Ақтөбе қаласында бірінші кезеңдегі үлгілендіру тәжірибесіне ие барлық локомотив жөндеу деполарының мамандары бас қосып, екі тепловоз мысалында үлгілендірудің жаңа тәсілі игерілді. Осының барлығы да локомотив жөндеу шаруашылығының кәсіпорны ретінде депо әлеуетіне жағымды әсер етті деуге болады. Жаңа технологияларды енгізу процессінде, Ақтөбенің жөндеуші мамандарының кәсіптілігі жоғары және олар уақытқа қарамастан, орындалған істі сапалы әрі уақытылы орындайтындарын дәлелдеп шықты.

Осымен бір уақытта, Ақтөбеде үлгілендіру процессі-де қатар жүргізілді. Осы екі маңызды фактор — 1997 жылғы 2ТЭ10 МК сериясындағы локомотивтердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және тепловоздарды үлгілендіру шаралары — «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив депосының 2ТЭ10 МК сериясындағы үлгілендірілген локомотивтері үшін техникалық қызмет көрсету өндірісі тұрғысындағы бағытына әсер етті. Үлгілендірілген локомотивтердің өспелі санына байланысты, 2ТЭ10 МК сериясындағы тепловоздарға техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге дайындығы жақсы, Ақтөбе депосы лайықты болған еді. Егер бұған дейін «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосы 2ТЭ10В, М, У, Ут, ТЭМ2 сериясындағы локомотивтерге техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырып келген болса, үлгілендірілген тепловоздардың өспелі саны техникалық және адами қорларды 2ТЭ10 МК сериясындағы локомотивтерге қызмет көрсетуге мүмікіндік берген жоқ. Солай, 2006 жылға қарай «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосы 2ТЭ10 МК сериясындағы үлгілендірілген тепловоздарға техникалық қызмет көрсету өндірісіне толығымен ауыстырыла бастады.



Үлгілендіру цехының ұжымы №0079А алғашқы локомотивін жинақтау үстінде. 2004 ж.





2005 жыл. 2ТЭ10 МК сериясындағы ТО-8 және ТОУ-8 тепловоздарын ұйымдастыру

«Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы ретінде — Ақтөбе локомотив жөндеу депосы осыдан біраз уақыт бұрын (2003ж. бастап) 2ТЭ10В, М, У, Ут, ТЭМ2 сериясындағы ТО-2, -3, -4, -5, -6, -7, -8 локомотивтеріне техникалық қызмет көрсеткен болатын. Алайда, 3,5 көлеміндегі «Дженерал-Электрик» («GE») компаниясының дизель-генераторлық құрылғыларымен үлгілендірілген 2ТЭ10 МК сериясындағы локомотивтер, Ақтөбе пайдалану депосында 1997 жылдан бері пайдаланып келуіне орай, аталмыш тепловоздардың күрделі жөндеу жұмыстарын «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосында (Қазақстанда алғашқы рет) игеру шешімі қабылданған болатын.

2005 жылы жоғарыда көрсетілген тепловоздарды пайдалану мерзімі 8 жылға теңелді. Ал «GE» компаниясының «7FDL12» дизельдеріне техникалық қызмет көрсету Нұсқамасына сәйкес, дизельдік топ бойынша жабдықтардың барлық құрамдас бөліктерінің, көмекші және электрлік жабдықтардың жете тексерісі — КР-1 көлемінде локомотивтердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру қажеттілігі болды. «GE» Нұсқамасының негізінде «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосы жанынан уақыт пен еңбеккерлердің дәрежесін бағалаумен бар қажетті жұмыстардың тізімін қамтитын КР-1 көлемінде локомотивтің жөндеу жұмыстарына арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың жобасы әзірленді. Осы жұмыстарды атқару үшін «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосында барлық қажетті технологиялық жабдықтар, сонымен қатар жоғарыбілікті жөндеу персоналы болды. Осының арқасында 2005 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында 1997 жылы үлгілендіру шараларынан өткен 2ТЭ10 МК сериясындағы тепловоздардың 3,5 бірлігі үстінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі туды.





2ТЭ10МК тепловоздарына сервистік қызмет көрсету

2ТЭ10 МК сериясындағы локомотивтерге сервистік қызмет көрсетуге ауысу барысында «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосы сервистік қызмет көрсету бойынша «Локомотив» АҚ-ымен сәйкес келісіммен тікелей байланысқан бас орталық ретінде шығатын болады. «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы — Ақтөбе локомотив жөндеу депосының өткізу қабілеттігі барлық локомотивтерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алмайтынына орай, ТО-3 және ТО-6 қызмет көрсету бойынша Батыс аймағына қарасты басқа локомотив жөндеу деполарының қызметтерін пайдалану қажеттілігі туады. Аталмыш деполарда қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін олармен ТО-2, ТО-3, ТО-6 немесе үлгілендірілмеген бөлшектердің басқа жұмыстары бойынша келісім-шарт жасалатын болады. Қызмет көрсету ыңғайлығы үшін сервис төмендегідей локомотивтердің айналым учаскелері бойынша жөнге келтірілетін болады:

ТО-3 техникалық қызмет көрсету

Экипаж бөлігінің техникалық жағдайын қолдау үшін қажет — негізгі бөлім. Үлгілендіру бөлігі сыртқы тексерумен шектеледі.

ТО-6 техникалық қызмет көрсету

Экипаж бөлігі — КЭҚ тексерісі, мойынтірек ревизиясы. Үлгілендіру бөлігі — дизель майын, май, отын, ауа сүзгіштерінің элементтерін және электр машиналарының қылшағын ауыстыру.

ТО-7 техникалық қызмет көрсету

Экипаз бөлігі — КЭҚ тексерісі, күш редукторы мен мойынтіректің тісті берілістерінің ревизиясы. Үлгілендіру бөлігі — дизель майын, май, отын, ауа сүзгіштерінің элементтерін және электр машиналарының қылшағын ауыстыру, ауа компрессоры бойынша жұмыстар, ТНВД үйлесімін тексеру.

ТО-8 техникалық қызмет көрсету

Экипаж бөлігі — арбаларды локомотив астынан домалатып шығару арқылы тексеру және жөндеу жұмыстары, доңғалақ-мотор блоктарының жөндеу жұмыстары, тепловоз рамасын тексеру. Үлгілендіру бөлігі-ТО-7 циклі бойынша барлық жұмыстар, иінді біліктің екпінін тексеру, цилиндрді алумен цилиндрдің және шатун-поршенді топ жағдайларының іріктеме тексерісі.

ТОУ-8 техникалық қызмет көрсету — күшейтілген

Экипаж бөлігі-ТО-8 циклі бойынша барлық жұмыстар. Үлгілендіру бөлігі-ТО-8 циклі бойынша барлық жұмыстар, барлық жабдықтардың жөндеу жұмыстары.



    

 
2ТЭ10МК тепловоздарына сервистік қызмет көрсету



«Жорға-РД» ЖШС локомотив жөндеу депосы